С.Сейфуллин атындағы №11 ДБАОММЛИ

Мектеп туралы

1924 жылы Орал қаласында тұңғыш ұлттық мектеп болып ашылған, бүгінгі Дарынды балаларға арналған Сәкен Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының тарихы терең, шежіресі мол. Мектептің тоқсан жылдан астам өмір тарихында талай қазақ баласы білім алып, Отанымыздың игілігіне қызмет атқаруға өмірлік жолдамамен аттанды. Бір кезде жартылай панасыз балаларға арналып ашылған мектеп өзінің өсу-өркендеу жолында талай қиындық пен табысты сәттерді бастан кеше отырып, бүгінгі тәуелсіз елдің талантты балаларын оқытатын мектеп дәрежесіне дейін көтерілді.

Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты

Батыс Қазақстан облысы

Орал қаласы, Мұхит көшесі 37

Жұмыс телефоны: 50-62-73, факс: 50-62-73