С.Сейфуллин атындағы №11 ДБАОММЛИ

Парламент

Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында

«Мектеп» білім алушылардың

 өзін-өзі басқару органдарын дамыту

тұжырымдамасы

 

Қазақстанның балалары мен жастары – Қазақстан қоғамының стратегиялық құндылығы және болашақ адами капиталы.

Жаһандық тәуекелдер мен сын-қатерлер кезеңінде өмір сүретін жаңа буын белсенділігі мен қызығушылықтарының әртүрлілігімен сипатталады. Сондықтан мемлекет пен азаматтық қоғамның шынымен біртұтас балалар-жасөспірімдер және жастар қозғалысын құрудағы күш-жігерін біріктіру – заманауи мемлекеттің стратегиясы.

Соңғы онжылдықта республиканың қоғамдық-саяси өмірінде болып жатқан өзгерістер балалар мен жастар ортасындағы адамгершілік-рухани бағдарлар мен мұраттардың өзгеруіне алып келді. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, өскелең ұрпақ (балалар, жасөспірімдер, жастар) тәрбиелеудің қолданыстағы моделі трансформацияны және жаңа идеологиялық негізді талап етеді.

Бүгінгі таңда білім беру ұйымы қызметінің қазіргі жағдайында білім беру ұйымын демократиялық басқаруға жағдай жасауға байланысты мәселелер туындайды, онда тек басшы мен педагогикалық кеңес қана емес, сонымен қатар білім алушылар, студенттер мен ата-аналар білім беру үдерісінің толық субъектілері ретінде білім беру ұйымы ұсынатын қызметтердің сапасына әсер ете алады.

Қазіргі уақытта мемлекет пен азаматтық қоғам балалар мен жастардың құқықтық мүмкіндіктерін іске асыру мәселелерін белсенді түрде көтеруде. Осыған байланысты қазақстандық мектептердің, колледждер мен жоғары оқу орындарының алдында құқықтық мемлекет жағдайында шығармашыл, бастамашыл, өзі және қоғам үшін пайдалы әрекет ете алатын еркін, жауапты тұлғаны, мәдениетті адамды тәрбиелеу міндеті тұрды.

Бүгінгі таңда республикада балалар мен жастардың өз құқықтарын іс жүзінде қолдануға және қорғауға оқытатын оңтайлы тетік жоқ, бұл оқушылар мен студенттердің әлеуметтік маңызы бар қызметке уәждемелік дайындығын төмендетуге әкеп соғады. Білім беру ұйымының қабырғасынан шыққан білім алушылар нақты өмірде көбіне мүлдем дәрменсіз болып қалады.

Қазақстан Республикасының балалар-жасөспірімдер және жастар қоғамдық қозғалысы шеңберіндегі мектеп және студенттік кеңестердің, старостаттардың, жоғары сынып оқушылары кеңестерінің, мектеп әкімдіктерінің, студенттік комитеттер мен аймақтардың және т.б. орнына мектеп және студенттер Парламенттері (бұдан әрі – Парламент) түріндегі бірыңғай құрылымдық моделі бола алады.

Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында білім алушылардың «Мектеп / студенттік парламент»  өзін-өзі басқару органдарын дамыту тұжырымдамасы «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының заңдары, «Қазақстан 2020: болашаққа жол» 2020 жылға дейінгі мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасы (екінші кезең - 2016-2020 жылдар), Жастар жылын өткізу жөніндегі жол картасы негізінде әзірленді.

Парламент – оқу-тәрбие процесінің проблемаларын шешуде мектеп, колледж, жоғары оқу орны әкімшілігінің таптырмас көмекшісі.

Парламентте оқушылар, студенттер мен педагогтер бірлесіп ынтымақтасуға үйренеді, маңызды мәселелерді шешуде толық құқылы әріптес болады.

Парламент – бұл білім алушылардың білім беру ұйымын бірлесіп басқаруға, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру кезіндегі мәселелерді шешуге қатысу нысаны.

Парламенттің мақсаты: білім алушылардың бойында азаматтық белсенділік, әлеуметтік құзыреттілік, азаматтық жауапкершілік дағдыларын дамыту, әлеуметтік шығармашылыққа қабілетті, өзінің жеке басын, қоғам мен мемлекетті жетілдіру мүддесінде әрекет ете алатын жоғары мәдениетті, гуманистік бағыттағы азаматты тәрбиелеу.

Парламенттің міндеттері:

- білім алушылардың қабілеттері мен мүдделерін, мектепте, колледжде, ЖОО-да бірыңғай құқықтық кеңістікті дамыту үшін жағдай жасау, білім беру ұйымын басқаруға қатысуға нақты мүмкіндік беру;

- ұжымдық өмір нормаларына, мемлекет заңдарына, адамдарға пайда әкелгісі келетіндігіне, достары мен құрдастарына қиындықтарды жеңуге көмектесуге оң көзқарас қалыптастыру;

- әрбір білім алушыны білім беру ұйымының қоғамдық өміріне тарту;

- өзіндік ойлау мен өзіндік сана-сезімді, көшбасшылық мінез-құлық дағдыларын, ұйымдастырушылық білімді, іскерлікті, ұжымдық және басшылық қызмет дағдыларын дамыту.

Парламент өзара көмек және сенім, дамуға ұмтылу, барлық оқушылардың тең құқылығы, шешімдер қабылдаудың ұжымдылығы, оқушылардың құқықтары мен мүдделерінің басымдығы, әрбір жеке тұлғаға қатысты ізгілік, ашықтық, еріктілік, адалдық және серіктестерді құрметтеу қағидаттарына негізделеді.

Парламент құрылымы 8 фракциядан тұрады:

  1. Құқық және тәртіп фракциясы.
  2. Ақпарат фракциясы.
  3. Спорт және салауатты өмір салты фракциясы.
  4. Өзін-өзі тану және бақыт фракциясы (психология).
  5. Қамқорлық фракциясы (еріктілік).
  6. Мәдениет және өнер фракциясы (музыкалық, көркем шығармашылық).
  7. Дебат қозғалысының фракциясы.
  8. Экология және еңбек фракциясы.

Парламенттің жоғарғы органы – фракциялар көшбасшыларының жалпы жиналысы.

Парламенттің мектептегі қызметін директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, колледж бен ЖОО-да Жастар ісі жөніндегі комитетінің (бұдан әрі – ЖІК) төрағасы үйлестіреді.

Білім беру ұйымының әр сыныбында, әр тобында барлық 8 фракцияға депутаттар сайланады.

Парламент Президенті қажет болған жағдайда білім беру ұйымының түрлі алқалы органдарының отырыстарына қатысады.

Парламентті басқарудың негізгі нысаны – жобалық менеджмент тетіктерді тиімді басқарудың әмбебап технологиясы.

Мектеп оқушылары, колледж, ЖОО студенттері Парламент депутаттары бола алады.

Парламенттің жобалық қызметінің бағыттары: экологиялық, еріктілік, өлкетану, туристік, зияткерлік, экономикалық, спорттық, дебаттық, этномәдени, көркем-эстетикалық, музыкалық және басқа да шығармашылық жобалар.

Парламенттердің жобалау қызметін жүзеге асыру үшін мектептер, колледждер мен жоғары оқу орындары базасында жобалау кеңселері (бұдан әрі – жобалау кеңселері) құрылады.

Жобалық кеңселер:

- жыл бойы парламент фракцияларының жобалық қызметін;

- мектеп, колледж, ЖОО Президентін сайлау және өзін-өзі басқару күндерін;

- алқалы органдардың жұмысына қатысуды үйлестіреді.

Әр жобаға түрлі іс-шаралар, жарыстар, акциялар, флешмобтар, экскурсиялар, жорықтар, турнирлер және т. б. кіреді.

Парламент Президентінің сайлауы жылына 1 рет қыркүйек айында өткізіледі.

Парламент мүшелерін, мектеп және студенттік өзін-өзі басқару көшбасшыларын ынталандыру үшін көтермелеудің мынадай түрлері мүмкін: мадақтамалар, дипломдар, «Мектеп Парламентінің көшбасшысы», «Студенттік Парламенттің көшбасшысы» медальдары, стипендиялар, табысты жобаны «Платиналық идеялар» әлеуметтік бастамаларының ұлттық базасына енгізу, Қазақстан бойынша сапарлар, «Балдәурен» РОСО сауықтыру және басқа да лагерьлерде балаларды сауықтыру.

Мектеп және студенттік жобалау кеңселерінің жобалар рейтингтері, Парламент туралы толық ақпарат мектеп, колледж және ЖОО-ның сайттарында орналастырылады.

Жыл сайын балалар мен жастар қозғалысы көшбасшыларының азаматтық қоғамды дамыту және жас ұрпақтың Отанды нығайту және өркендетудегі рөлі мәселелері жөніндегі бірегей республикалық диалог алаңы – Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарының мектеп және студенттік парламенттері көшбасшыларының республикалық слеті өткізіледі.

Күтілетін нәтижелер:

- адал, мейірімді және белсенді тұлғалардың тәрбиелі жас ұрпағы;

- қоғамдық (балалар мен жастар) сананы трансформациялау мен жаңғыртуда оқушылар мен студенттердің өзін-өзі басқару органдарының мәртебесі мен рөлін арттыру;

- білім алушыларды қызығушылықтары бойынша жобалық қызметке тарту;

- барлық деңгейлердегі бюджеттерден тұрақты және жүйелі қаржыландыру.

 

 

Мектеп оқушылары және студенттер парламенттерінің қызметі туралы ереже

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

  1. Мектеп оқушылары және студенттер парламенттерінің қызметі туралы осы ереже (бұдан әрі – Ереже) мектеп және студенттік өзін-өзі басқару органының – мектеп және студенттік парламенттің мақсатын, міндеттерін, құрылымын, қызметін қалыптастыру және ұйымдастыру тәртібін, құқықтары мен міндеттерін айқындайды.
  2. Мектеп оқушылары және студенттер парламенттері балалар мен жастардың маңызды мәселелерін шешуге, оның әлеуметтік белсенділігін дамытуға, әлеуметтік бастамаларды қолдауға бағытталған мектеп және студенттік өзін-өзі басқарудың бастамашыл, дербес, жауапты қоғамдық нысаны болып табылады.
  3. Мектеп оқушылары және студенттік өзін-өзі басқару органы – мектеп және студенттік парламент (бұдан әрі – Парламент) білім беру ұйымдарының оқушылары мен студенттерінің бастамасы бойынша білім алушылардың мүдделерін білдіру үшін тұрақты жұмыс істейтін үйлестіруші орган ретінде құрылады және осы Ереже негізінде әрекет етеді.
  4. Әрбір білім алушы осы Ережеге сәйкес Парламент активін сайлауға және оған сайлануға құқылы.
  5. Парламенттің қызметі мен шешімдері білім беру ұйымының барлық білім алушыларына бағытталған және қолданылады.
  6. Парламент өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» заңдарын, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

 

 

2-тарау. Парламенттің мақсаты мен міндеттері

 

  1. Парламент мақсаты: балалар мен жастардың табысты әлеуметтенуі және өзін-өзі тиімді жүзеге асыруы үшін жағдай жасау, сондай-ақ туындайтын мәселелерді білім алушылардың өз бетінше шешуі үшін мүмкіндіктер жасау.
  2. Парламент міндеттері:

1) білім алушылардың шығармашылық белсенділігін және өз бетінше әрекет етуін іске асыру;

2) білім алушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға, оның ішінде білім беру, әлеуметтік-тұрмыстық және олардың мүдделерін қозғайтын өзге де мәселелерді шешуге көмек көрсету болып табылады;

3) білім беру ұйымының басшылығына білім беру және ғылыми міндеттерді шешуде, білім алушылардың бос уақыты мен тұрмысын ұйымдастыруда, салауатты өмір салтын насихаттауда көмек көрсету;

4) білім беру ұйымдарына білім беру және тәрбие процесі шеңберінде өткізілетін іс-шараларға көмек көрсету;

5) білім беру ұйымының рухы мен дәстүрлеріне патриоттық қатынас жасауға, білім алушылардың санасын және олардың өз білім деңгейіне талап етуін арттыруға, мүлікке ұқыпты қарауға тәрбиелеуге бағытталған жұмыстар жүргізу;

6) білім алушыларды білім беру ұйымының қызметі туралы хабардар ету;

7) қазақстандық қоғамды дамытудың нақты күші және стратегиялық ресурсы ретінде балалар мен жастар туралы қоғамдық пікір қалыптастыруға қатысу;

8) балалар мен жастардың қоғамдық маңызы бар бастамаларын іске асыруға көмек көрсету болып табылады.

  1. Білім беру ұйымдарында Парламент қызметі өңір мен білім беру ұйымының ерекшелігін ескере отырып айқындалатын басқа да міндеттерді шешуге бағытталған.

 

 

 

3-тарау. Парламент құрылымы

 

  1. Парламент көшбасшысы сайлауда білім алушылар мен білім беру ұйымының педагогтері сайлайтын президент болып табылады.
  2. Президент пен парламент мүшелері бір оқу жылы мерзіміне сайланады.
  3. Парламент Президенттен, оның орынбасарларынан, парламент фракцияларының басшылары мен мүшелерінен тұрады. Қажет болған жағдайда Парламенттің шешімі бойынша оның құрамына білім алушылар арасынан Парламент мүшелері қосымша сайланады. Парламент мүшелерін сайлау сыныптар мен топтардың жиналыстарында жүзеге асырылады.

 

 

4-тарау. Парламент қызметі

 

  1. Парламенттің мектептегі қызметін директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, білім беру ұйымының Жастар ісі жөніндегі комитетінің (бұдан әрі – ЖІК) төрағасы колледж бен ЖОО-да парламентке жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуына дербес жауапты болады.
  2. Парламент Президенті:

1) Парламент қызметіне басшылық жасайды және өзіне жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады;

2) өз орынбасарлары, фракция көшбасшылары арасында міндеттерді бөледі және олардың қызметін үйлестіреді;

3) өз міндеттерін орындау кезінде білім беру ұйымының басшылығы берген құқықтарды пайдаланады.

  1. Парламент білім беру ұйымы Парламентінің қызметі туралы Ережені басшылыққа бекітуге ұсынады.

Парламент құрылымы 8 фракциядан тұрады:

Құқық және тәртіп фракциясы.

Ақпарат фракциясы (мектептің баспасөз қызметі).

Спорт және салауатты өмір салты фракциясы.

Өзін-өзі тану және бақыт фракциясы (психология).

Қамқорлық фракциясы (еріктілік).

Мәдениет және өнер фракциясы (музыкалық, көркем шығармашылық).

Дебат қозғалысының фракциясы.

Экология және еңбек фракциясы.

Парламенттің жоғарғы органы – фракциялар көшбасшыларының жалпы жиналысы.

  1. Парламенттің қызметін жоспарлау білім беру ұйымының жұмыс жоспары негізінде жүзеге асырылады.
  2. Парламент Президенті білім беру ұйымының барлық алқалы органдарының жұмысына қатысады.
  3. Парламент мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдармен байланысты жүзеге асырады.
  4. Парламент білім беру ұйымының алдында тұрған міндеттерді тиімді орындау мақсатында педагогикалық ұжыммен өзара іс-қимыл жасайды.

   

5-тарау. Парламент құқықтары мен міндеттері

 

  1. Парламент құқылы:

1) білім беру ұйымы білім алушыларының мүдделерін қозғайтын ережелерді, жұмыс жоспарларын әзірлеуге және жетілдіруге қатысуға;

2) білім алушылардың мүдделерін қозғайтын әлеуметтік-тұрмыстық және қаржылық мәселелерді шешуге, оның ішінде білім беру ұйымының қаражатын, дотацияларды және мәдени-бұқаралық және спорттық-сауықтыру іс-шараларына, демалуға және емделуге бөлінетін қаражатты бөлуге қатысуға;

3) білім алушылардың білім беру ұйымының оқу тәртібі мен ішкі тәртіп қағидаларын, сондай-ақ студенттік жатақханаларды бұзуына байланысты мәселелерді қарауға қатысуға;

4) оқу және оқудан тыс қызметтің әртүрлі салаларындағы жетістіктері үшін білім алушыларды көтермелеу жүйесін әзірлеуге және іске асыруға қатысуға;

5) білім беру ұйымы білім алушыларының өтініштері мен шағымдарын қарауға және талқылауға қатысуға;

6) белгіленген тәртіппен білім беру ұйымының ЖІК төрағасынан студенттік парламенттің қызметіне қажетті ақпаратты сұрату және алу;

7) білім алушылардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін наразылықтың заңды нысандарын анықтау және пайдалану;

8) білім беру ұйымдарының оқудан тыс іс-шараларын жоспарлауға, дайындауға, жүргізуге және талдауға тікелей қатысуға;

9) білім беру ұйымдарында құрылатын клубтардың жұмысына қатысуға құқылы.

  1. Парламент міндетті:

1) білім алушылардың санасын және олардың өз білім деңгейіне талапшылдығын арттыруға, білім беру ұйымдарының мүлкіне ұқыпты қарауға тәрбиелеуге, оқу корпустарында және студенттік жатақханаларда оқу тәртібі мен құқықтық тәртіпті нығайтуға, білім алушылардың азаматтық сана-сезімін арттыруға, борыш пен жауапкершілік сезімін тәрбиелеуге бағытталған жұмыс жүргізуге;

2) білім беру ұйымдарының Жарғысын және ішкі тәртіп қағидаларын орындау бойынша білім алушылармен жұмыс жүргізуге;

3) оқудан тыс қызметті ұйымдастыру мәселелерінде білім беру ұйымының басшылығына көмектесуге;

4) Парламентке түсетін білім алушылардың барлық өтініштері мен арыздарын белгіленген тәртіппен уақтылы қарауға;

5) Парламенттің оқу жылына арналған ережесі мен қызмет жоспарына сәйкес жұмыс жүргізуге;

6) білім алушылардың әлеуметтік маңызды бастамаларын қолдауға;

7) қажетті әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлар жасауға, сондай-ақ білім алушылардың оқуы мен демалуы үшін жағдайлар жасауға көмек көрсетуге;

8) білім беру ұйымы, мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер, өзге де ұйымдар басшылығының алдында білім алушылардың мүдделерін білдіруге және қорғауға құқылы;

9) білім беру ұйымының басшылығын өз қызметі туралы хабардар етуге міндетті.

 

 

6-тарау. Парламент қызметін қамтамасыз ету

 

  1. Білім беру ұйымының басшылығы Парламент қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті жағдайлар жасайды, бөлмелерді (кабинеттерді), байланыс құралдарын, ұйымдастыру техникасын және басқа да қажетті материалдарды өтеусіз пайдалануға береді.

 

 

 Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты туралы

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес 11 мектеп-лицейінде білім алушылардың өзін-өзі басқару органдарын дамыту бойынша «Мектеп парламенті» құрылды.

 

 

 

 «МЕКТЕП ПАРЛАМЕНТІ» ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ ОРГАНЫ

 

ҚҰРЫЛЫМЫ

ПАРЛАМЕНТ КӨШБАСШЫСЫ

Абхиев Асан

 

 

ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ТӘРТІП ФРАКЦИЯСЫ

Салауат Мансұр

 

 

АҚПАРАТ ФРАКЦИЯСЫ

Жолдығали Мағжан

 

 

СПОРТ ЖӘНЕ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ ФРАКЦИЯСЫ

Шайдуллин Нұрислам

 

 

ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ ЖӘНЕ БАҚЫТ ФРАКЦИЯСЫ (ПСИХОЛОГИЯ)

Саин Айнұр

 

 

ҚАМҚОРЛЫҚ (ЕРІКТІЛІК) ФРАКЦИЯСЫ

Қожантай Шерхан

 

 

МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ФРАКЦИЯСЫ

Шәкірат Әли

 

 

ДЕБАТ ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ФРАКЦИЯСы

Қайрат Сабина

 

 

ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ЕҢБЕК ФРАКЦИЯСЫ

Ғылым Еділхан

Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты

Батыс Қазақстан облысы

Орал қаласы, Мұхит көшесі 37

Жұмыс телефоны: 50-62-73, факс: 50-62-73