Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты

Құрметті ата-аналар, оқушылар, әріптестер және қонақтар!
Сіздерді дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының ресми сайтына, директор блогына қош келдіңіздер деп шын жүректен құттықтаймын!
Біздің мектеп – білім мен ғылымға ұмтылған, ел болашағына өз үлесін қосуға дайын, талантты жас ұрпақты тәрбиелеуді басты мақсат еткен ұжым. Мұнда оқушылардың қабілетін барынша ашуға, озық білім алуға және жан-жақты дамуына барлық жағдай жасалған.
Бұл блог – біз үшін ата-аналармен, оқушылармен және білім беру саласының жанашырларымен ашық әрі шынайы байланыс орнатудың тиімді алаңы.
Осы бөлім арқылы сіздер өз сұрақтарыңызды қойып, пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңызды қалдыра аласыздар. Біз әрдайым кері байланысқа дайынбыз.
Мектебіміздің табысты дамуы – ортақ жауапкершілік пен сенімге негізделген серіктестік нәтижесі. Сол себепті сіздердің белсенді қатысуларыңыз, ой-пікірлеріңіз біз үшін аса маңызды.
Ізгі ниетпен,
Зулкашева Шынар Мулкайевна
Дарынды балаларға арналған арналған С.Сейфуллин атындағы
№11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының директоры
Құрметті директор! Бүгін қабылдау комиссиясына жүгінген кезде ұлымның математикалық бағыттағы 7-сыныпқа конкурстық іріктеуге қатысу үшін құжаттарын қабылдаудан бас тартылды. Бас тарту себебі ретінде тоқсандардың бірінде «3» бағасының болуы көрсетілді. Сонымен қатар, ұлым оқу жылын қорытынды жылдық бағаларында «3» бағасы болмай аяқтады. Осыған байланысты, тоқсандық бағаларында жекелеген «3» бағаларының болуына байланысты, жылдық қорытынды бағаларында «3» бағасы болмағанына қарамастан, ұлымды математикалық бағыттағы 7-сыныпқа конкурстық іріктеуге жібермеуге негіз болған нормативтік құқықтық актіні, қабылдау тәртібі туралы ережені немесе өзге де ресми құжатты ұсынуыңызды сұраймын. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген мерзімде жазбаша жауап беруіңізді сұраймын. Құрметпен, Малик Мұхамбетов Байланыс телефоны: +7 777 438 0981
Сәрсенбі, 17 Маусым 2026
Сәлеметсіз бе! Мен негізгі мектеп бітіруші оқушының ата-анасымын, Теректі ауданынан. Сіздерде 10-сыныпқа қосымша қабылдау болама екен, соны білгім келген. Қызым оқу озаты, «Мың бала олимпиадасының» жеңімпазы болған (6-сыныпта), «Айқанат» олимпиадасы бойынша республикалық кезеңге қатысушы болды. Аудандық, облыстық байқауларға үнемі қатысып, әртүрлі орындар иеленді. Мектебіміз негізгі мектеп болғасын 10-11-сыныптарды оқуын жалғастыру үшін интернаты бар мектептерге сұрау жіберіп отырмын. Сіздің мектепке түсуге мүмкіншілік болама екен ?
Бейсенбі, 14 Мамыр 2026
7-сыныпқа қабылдау оқу жылы қорытындыланып, бос орындар саны белгілі болғанда тамыз айында жарияланады
Бейсенбі, 23 Сәуір 2026
жетинши сыныпка тест кашан кай уакытта откизиледи жане интернатка орын бола ма?
Жексенбі, 22 Наурыз 2026
9-сыныпқа қабылдау қашан болады? 9- сыныптарға тамыз айында сыныптарда бос орын болса, хабарландыру шығарамыз.
Сәрсенбі, 14 Мамыр 2025