15 сәуір күні тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен «Әкелер кеңесі» жобасы аясында мектеп, ата-ана және оқушы үштігінің байланысын нығайту, әкенің қоғамдағы рөлі мен ұл бала тәрбиесіндегі маңызын арттыру мақсатында мектебіміздің 7-10 сынып ұл балалары мен олардың әкелері сынып кураторларымен бірлесіп, облыстық Х. Бөкеева атындағы қазақ драма театрына барып, «Болмаған оқиға» қойылымын тамашалады. Керемет қойылымнан алған әсер туралы ой бөлісіп, ұйымдастырылған әкелер кеңесі сағаты өз мақсатына жетті.