С.Сейфуллин атындағы №11 ДБАОММЛИ

Қабылдау туралы хабарлама

Құрметті ата-аналар және оқушылар!

2024-2025 оқу жылына Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты 5, 6, 7-сыныптарға қабылдау конкурсына қатысуға құжаттар қабылдайды.

Құжаттарды онлайн - тіркеу және қабылдау 2024 жылғы 1 ақпан 15 сәуір аралығында www.qabyldau.daryn.kz сайтында өтеді.

Тіркеу кезінде қажетті құжаттар:

1) баланың ата-анасынан немесе өзге де заңды өкілдерінен өтініш (үлгі бойынша);
2) ЖСН көрсетілген баланың туу туралы куәлігі;
3) баланың электронды мекенжайын көрсете отырып, оқу орнынан ұйымның мөрімен расталған фотосуреті бар анықтама;
4) баланың 3х4 көлеміндегі 2 дана фотосуреті;

5) халықтың әлеуметтік осал топтарына жататынын растайтын құжаттардың көшірмелері (болған жағдайда);

6) "Дарын" орталығы, облыстық, республикалық олимпиадаларының облыстық кезеңі жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің Дипломдарының көшірмелері (болған жағдайда).

Ақпараттық жүйе болған кезде көрсетілген құжаттар электрондық форматта ұсынылады. Ақпараттық жүйе болмаған жағдайда сканерленген құжаттар электрондық мекенжайға жіберіледі немесе қағаз нұсқасында мамандандырылған білім беру ұйымның кеңсесіне ұсынылады.

 

Қабылдау конкурсы 2024 жылдың 15 мамыр – 15 маусым аралығында кесте бойынша сенбі-жексенбі күндері өтеді.

Қабылданатын оқушы саны:

5-сынып үшін – 2 сынып комплект, 50 оқушы (оның 8-і әлеуметтік осал топтан)

6-сынып үшін – 1 сынып комплект, 25 оқушы (оның 4-уі әлеуметтік осал топтан)

7-сынып үшін – 1 сынып комплект, 25 оқушы (оның 4-уі әлеуметтік осал топтан, 3-уі «Мың бала» сайысы жеңімпазы)

 

Қабылданатын білім алушылардың жалпы санынан 15% мөлшерінде іріктелетін халықтың әлеуметтік осал топтарына:

  • мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын ауылдық жерден шыққан отбасының балалары;
  • ата-аналарының біреуі бірінші топтағы мүгедектігі бар отбасының балалары;
  • мүгедек баласы бар немесе оны тәрбиелеп отырған отбасылар;
  • жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
  • отбасыларда тұратын жетiм балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
  • төтенше жағдайлар салдарынан шұғыл көмекке мұқтаж отбасылардан шыққан балалар;
  • экологиялық зілзалалар, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай салдарынан тұрғын үйінен айырылған отбасыларының;
  • мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді, әскери қызметті атқарған кезінде, ғарыш кеңістігіне ұшуға дайындалу немесе жүзеге асыру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасыларының балалары жатады.

 

Тапсырма мазмұны және бағалау ерекшеліктері

5-сыныпқа арналған тестілеу мынадай пәндер бойынша 40 сұрақтан тұрады:
Математика және логика – 30 сұрақ
Оқу сауаттылығы – 10 сұрақ

Тестілеуге бөлінген уақыт 5 сыныпта – 60 минут

6-сыныпқа арналған тестілеу мынадай пәндер бойынша 60 сұрақтан тұрады:
Математика және логика – 35 сұрақ
Оқу сауаттылығы – 15 сұрақ

Қазақстан тарихы – 10 сұрақ
Тестілеуге бөлінген уақыт 6 сыныпта – 90 минут

7-сыныпқа арналған тестілеу мынадай пәндер бойынша 75 сұрақтан тұрады:
Математика және логика – 55 сұрақ
Оқу сауаттылығы – 10 сұрақ

Қазақстан тарихы – 10 сұрақ

Тестілеуге бөлінген уақыт 7 сыныпта – 120 минут

 

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!!!

Тестілеудің қорытынды нәтижелерін есептеу кезінде дұрыс жауаптар саны "4" (төрт) коэффициентіне көбейтіледі, ал бір дұрыс емес жауап "-1" коэффициентіне көбейтіледі. Осылайша, жалпы қорытынды есептеледі (4* дұрыс жауап + ( - ) * дұрыс емес жауап = жалпы қорытынды балл).

Конкурстық іріктеу нәтижелері бойынша апелляция жүргізілмейді.

 

Тестілеу тапсыру тілі: қазақ

Толық ақпарат алу үшін:

Мекен жайы:                      Орал қаласы, Мұхит көшесі 37
Байланыс телефоны:        +7 (7112) 50-62-73
Электронды пошта:            Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Мектеп сайты:                    http://www.11-mektep.edu.kz
WhatsApp                             +7 (705) 267-67-30

Instagram                              @11_mektep_oral

Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты

Батыс Қазақстан облысы

Орал қаласы, Мұхит көшесі 37

Жұмыс телефоны: 50-62-73, факс: 50-62-73