С.Сейфуллин атындағы №11 ДБАОММЛИ

Хабарландыру!

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының «Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей- интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Төмендегі бос жұмыс орынына конкурс жариялайды:

  1. Физика  пәнінің мұғалімі  - 1 бірлік  (негізгі қызметкердің декреттік демалысы кезеңіне – 02.05.2024  дейін)
  2. Информатика пәнінің мұғалімі - 1 бірлік 

 

Үміткерлерге қойылатын біліктілік талаптары: Жоғары педагогикалық немесе бейіні бойынша білім және педагогикалық жұмыс  өтілі кемінде 5 жыл болуы тиіс, білім саласына байланысты ҚР заңдарын білуі.                          

Негізгі функционалдық міндеттері: Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушыларды оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады. Білім алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқытудың жаңа тәсілдерін, тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын қолданады.   Сынып жетекшілігі қызметін атқарады. Әдістемелік бірлестіктердің, мұғалімдер қауымдастығының, әдістемелік, педагогикалық кеңестердің, желілік қоғамдастықтардың отырыстарына қатысады. Кәсіби құзыреттілікті арттырады.Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке  қарсы қорғау  қағидаларын  сақтайды.

 Еңбекақы  мөлшері  - 146 531  мен  191 481 теңге  аралығында

 Қажетті құжаттар тізімі:

  1. Конкурска қатысу туралы өтініш
  2. Жеке куәлігінің көшірмесі
  3. Кадрларды есепке алу бойынша жеке іс парақ
  4. Білімі  және біліктілігін анықтайтын құжаттардың көшірмесі
  5. Медициналық анықтама
  6. Сотталмағаны туралы анықтама
  7. Еңбек кітапшасының көшірмесі
  8. Фотосурет 3*4 – 2 дана
  9. Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
  10. Наркологиялық ұйымнан анықтама;
  11. Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты
  12. Бағалау парағы

Конкурска қатысу үшін қажетті құжаттар хабарландыру жарияланғаннан кейін  келесі жұмыс  күннен бастап 7 жұмыс күні  ішінде мына мекен-жайға ұсынылуы тиіс: Орал қаласы, Мұхит  көшесі 37, байланыс телефоны 8 (7112) 50-62-73 электрондық  почта Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 

Директор                             А. Хамзина

 

 

 

Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты

Батыс Қазақстан облысы

Орал қаласы, Мұхит көшесі 37

Жұмыс телефоны: 50-62-73, факс: 50-62-73