С.Сейфуллин атындағы №11 ДБАОММИ

Тіркелу және құжаттар қабылдау

Құрметті ата-аналар және оқушылар!

2022-2023 оқу жылына Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты 7-сыныпқа конкурс негізінде құжаттар қабылдайды.

Құжаттарды онлайн - тіркеу және қабылдау 2022 жылғы 1-30 наурыз аралығында  qabyldau.daryn.kz сайтында өтеді.

Тіркеу кезінде қажетті құжаттар:

1) баланың ата-анасынан немесе өзге де заңды өкілдерінен өтініш (үлгі бойынша);

2) ЖСН көрсетілген үміткердің туу туралы куәлігі;

3) үміткердің оқу орнынан ұйымның мөрімен расталған анықтамасы;

4) үміткердің фотосуреті.

 

Емтихан 1-20 маусым аралығында өтеді.

7-сыныпқа түсушілер үшін – келесі пәндер бойынша 75 сұрақ:

Математика және логика – 55 сұрақ

Қазақстан тарихы – 10 сұрақ

Оқу сауаттылығы – 10 сұрақ

 

Тестілеу тапсыру тілі: қазақ

Конкурстық іріктеудің барлық тест тапсырмалары логикалық сипаттағы тапсырмаларды қоса алғанда, 5,6-сынып оқу бағдарламалары негізінде жасалады.

 

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!!!

Тестілеудің қорытынды нәтижелерін есептеу кезінде дұрыс жауаптар саны "4" (төрт) коэффициентіне көбейтіледі, ал бір дұрыс емес жауап "-1" коэффициентіне көбейтіледі. Осылайша, жалпы қорытынды есептеледі (4* дұрыс жауап + ( - ) * дұрыс емес жауап= жалпы қорытынды балл).

 

Толық ақпарат алу үшін:

Мекен жайы: Мұхит көшесі 37

Байланыс телефоны:  +7 (7112) 50-62-73

Электронды пошта: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Мектеп сайты: http://www.11-mektep.edu.kz/

Whatsapp +7 (705) 796-72-47

Instagram 11_mektep_oral

Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты

Батыс Қазақстан облысы

Орал қаласы, Мұхит көшесі 37

Жұмыс телефоны: 50-62-73, факс: 50-62-73