Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты

Мектеп тарихы


Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласындағы

 Дарынды балаларға арналған

С.Сейфуллин атындағы № 11 облыстық мамандандырылған мектеп–лицей-интернаты

1924 жылы Орал қаласында тұңғыш ұлттық мектеп болып ашылған, бүгінгі Дарынды балаларға арналған Сәкен Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп--лицей-интернатының тарихы терең, шежіресі мол. Мектептің тоқсан жылдан астам өмір тарихында талай қазақ баласы білім алып, Отанымыздың игілігіне қызмет атқаруға өмірлік жолдамамен аттанды. Бір кезде жартылай панасыз балаларға арналып ашылған мектеп өзінің өсу-өркендеу жолында талай қиындық пен табысты сәттерді бастан кеше отырып, бүгінгі тәуелсіз елдің талантты балаларын оқытатын мектеп дәрежесіне дейін көтерілді.

Ұзақ жылғы білім мен тәрбие беру жолында есімдері көпке танымал азаматтарды, ғылым мен өнер жұлдыздарын, қоғам мен мемлекет қайраткерлерін түлетті.

Сол жылдарда талмай еңбек етіп, шәкірт жүрегіне ізгілікті жол таба білген ұстаздар мен интернат тәрбиешілерінің еңбегі орасан зор.

Кезінде мектептің ашылуына қамқорлық жасаған, бүгінде есімі берілген Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығы да кейінгі ұрпаққа үлкен тәрбие мектебі.

Біздің қазіргі алдымызға қойған мақсатымыз - өткенге құрметпен қарай отырып, байырғы білім ордасының өмір жолын кейінгі ұрпаққа жеткізу.

Осы мақсатта мектептің 70 жылдығы мен Сәкен Сейфуллиннің 100 жылдығы қарсаңында мектеп мұражайы ашылып, ақынға ескерткіш орнатылды. Мектептің әр жылғы түлектері мен оларға білім берген ұстаздары туралы материал жинастырдық, мұрағат материалдарын қарастырдық. Осындай жұмыстарға бүгінгі шәкірттерді іздендіріп, ұстаздар күшімен әр салада басшылық жасалды, мұражайға есімдері жазылып, суреттері ілінді. Бүгін арамызда жоқ шәкірттер мен ұстаздарға альбомдар жасалды.

Кейбір табылмаған материалдар туралы бүгінгі күнде де жұмыстанып жатырмыз және бұл үрдіс әлі де жалғаса беретіні сөзсіз.

Атқарған жұмысты жас ұрпаққа терең ұғындыру – ұстаз-тәрбиеші ұжымының тәрбие саласында атқарып жатырған басты жұмыстарының бірі. Бүгінгі таңда еліміздің өсу-өркендеу, әлем елдері қатарынан танылған шағында табысты жұмыстарымен есімдері аталып, еңбектері ерекшелене көрінген адамдар өмірі де ұрпаққа үлкен өнеге болмақ. Ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2005 жылы 10 мамыр айында мектебімізге келген сапарында «Республикадағы алдыңғы қатарлы мектептердің бірі» деп атап, үлкен үміт артып, сапалы білім мен тәрбие беруіне сенім білдіруі - болашақ атқарылар жұмыстарымызға үлкен жауапкершілік жүктейді.

1924 жылы Орал қаласында тұңғыш ұлттық мектеп болып ашылған, бүгінгі С.Сейфуллин атындағы № 11 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының тарихы терең, шежіресі мол. Мектептің тоқсан жеті жыл өмір тарихында талай қазақ баласы білім алып, Отанымыздың игілігіне қызмет атқаруға өмірлік жолдамамен аттанды. Бір кезде жартылай панасыз балаларға арналып ашылған мектеп өзінің өсу-өркендеу жолында талай қиындық пен табысты сәттерді бастан кеше отырып, бүгінгі тәуелсіз елдің талантты балаларын оқытатын мектеп дәрежесіне дейін көтерілді. Ұзақ жылғы білім мен тәрбие беру жолында есімдері көпке танымал азаматтарды, ғылым мен өнер жұлдыздарын, қоғам мен мемлекет қайраткерлерін түлетті. Сол жылдарда талмай еңбек етіп, шәкірт жүрегіне ізгілікті жол таба білген ұстаздар мен интернат тәрбиешілерінің еңбегі орасан зор. Кезінде мектептің ашылуына қамқорлық жасаған, бүгінде есімі берілген Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығы да кейінгі ұрпаққа үлкен тәрбие мектебі.

Атқарған жұмысты жас ұрпаққа терең ұғындыру – ұстаз-тәрбиеші ұжымының тәрбие саласында атқарып жатқан басты жұмыстарының бірі. Бүгінгі таңда еліміздің өсу-өркендеу, әлем елдері қатарынан танылған шағында табысты жұмыстарымен кітапта есімдері аталып, еңбектері ерекшелене көрінген адамдар өмірі де ұрпаққа үлкен өнеге болмақ.

Ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2005 жылы 10 мамыр айында мектебімізге келген сапарында «Республикадағы алдыңғы қатарлы мектептердің бірі» деп атап, үлкен үміт артып, сапалы білім мен тәрбие беруіне сенім білдіруі–болашақ атқарылар жұмыстарымызға үлкен жауапкершілік жүктейді.

1933-34 жылында №11 мектептің алғашқы қарылғаштары 7 класс бітіріп өмірге жолдама алды.

1936 жылы мектеп Қазақстандағы үш орта мектептің бірі болу дәрежесіне жетті.

1964 жылы 22 мамырда мектепке Сәкен Сейфуллин есімі берілді.

1991 жылы мектеп-интернат лицейі атанды.

1999 жылы 8 желтоқсанда мектеп Дарында балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы облыстық қазақ мектеп-интернат кешені.

2008 жылы 22 ақпанда мектеп Дарынды балаларға арналған мамандарылған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық қазақ мектеп-интернат кешені мәртебесін алды.

2020 жылы 27 шілде мектеп Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандарылған мектеп-интернаты.

2007-2008 оқу жылынан бастап үш тілде оқитын бағыт ашылды. Қазіргі таңда оқушылар мен ата-аналардың таңдауына байланысты 8-11 сыныптарда физика, химия, биология информатика пәндері ағылшын тілінде жүргізіледі.

 

Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты

Батыс Қазақстан облысы

Орал қаласы, Мұхит көшесі 37

Жұмыс телефоны: 50-62-73, факс: 50-62-73