С.Сейфуллин атындағы №11 ДБАОММЛИ

ПӘН МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ЦИФРЛЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ ҮШІН «KIBER PEDAGOG» КЛУБЫ

Қазіргі заманды физика ғылымының формулаларымен салыстырып қарайтын болсақ әр өткен күннің өзіндік импульсі бар. Және ол уақыт өткен сайын заман ағынымен өз жылдамдығын өсіруде. Өмірдің күшінің кереметтілігі сонша – олар ескіні өшіріп, ал жаңасын еселеп дамытып жатыр. Қарқынмен дамып жатырған технологияларға біздің педагогтарымыз ілесіп жүр ме? – деген үлкен сұрақ туындайды. Біз осы толқынға қалай ілісе аламыз?

Жаңа технологиялармен қатар түрлі жаңа терминдерде енуде. Біздің ауыз екі сөйлеуімізде соңғы уақытта репост, хэштег, гив, бот, кибертехнология секілді сөздерді жиі пайдаланамыз. Кибер сөзі – басқару өнері деген мағынаны береді. Кибернетикалық жүйе ақпаратты қабылдау, өңдеу, түрлендіру, сақтау және алмастыру қабілеті бар бір-бірімен байланысты нысандардан – жүйе элементтерінен тұрады. Біз осы кибер сөзін педагогқа балап жаңа «KIBER PEDAGOG» клубын ұйымдастырдық.

Бұл жобаның негізгі мақсаты: берілетін білімді тиімді жеткізе білу және компьютерлік ақпараттандыру технологиялары арқылы педагог жұмысын сүйемелдеу және дамыту, нақты жүзеге асыру, жетістікке қол жеткізу.

Ақпараттандыру технологияларын педагогтардың кәсіби білімін жетілдіруде үздіксіз пайдалану, білім алушыларға жаңа технологияны қолдана отырып пәннің түсіндірілуі мен ақпараттың жеткізілуінің жоғары сапасын  қамтамасыз ету, оқу-тәрбие үрдісін компьютерлендіру және технологияландыру, біріңғай ақпараттандыру кеңістігі арқылы отбасы және мектеп арақатынасы үшін жағдай жасау міндеттері көздетілген.

Біздің мұғалімдеріміздің сабақтары заманға сай ма?- деген сұраққа жауап алатын болсақ, педагог қоржынына түрлі интерактивті әдістер қосу керектігін көреміз. Соған орай клубымыз 4-кезеңнен тұратын жұмыстар жасайды.

1-кезең «Life Hacks» (І тоқсан)

2-кезең «Маған қажет әдістеме» (ІІ тоқсан)

3-кезең «Шығармашылық» (ІІІ тоқсан)

4-кезең «Z дәуірі» (ІҮ тоқсан)

2000 жылдардың әр онкүндігінің өзіндік импульсі бар. Олар көбінесе әлеуметтік тенденциялар немесе технологиялық жетістіктер ретінде қабылданады. Олардың күші – ескіні шынымен өшіреді, ал жаңасын санада растайды. Интернет кеңістігінде тенденциялар, жаңа ойлау тәсілдері жарқын көрінеді. Менің ойымша, ХХІ ғасырдың 10-шы жылдарының толқыны - бұл өзін-өзі таныстыру дағдыларын шыңдау және әр адамға жеке бренд құру. Дәл қазір мұның ең үлкен артықшылығы - әлеуметтік желілерде.

Пән мұғалімдерінің көптігіне байланысты бұл клубды жүзеге асыру үшін 3 тармаққа жіктеп отырмын.

 «Life Hacks» 1-кезең бойынша атқарылатын іс-шаралар:

Тақырыбы

Жауапты

1

Сабақ кезінде АКТ құрылғыларын тиімді пайдалану бойынша Life Hacks

М.Е.Уразалина

2

Online.mektep платформаларына Life Hacks

А.О. Таскенова

3

Кundelik.kz платформаларына Life Hacks

Н.С.Мынжасова

4

Мектеп сайты, киоск бойынша Life Hacks

Ф.Е.Бекетова

5

Facebook, Instagram желілері бойынша Life Hacks

А.С.Малкесова

6

PowerPoint бойынша Life Hacks

Н.Х.Каресова

7

Сабақтарға түрлі бейнебаян түсіру бойынша Life Hacks

Ж.М. Даулетбаева

 «Маған қажет әдістеме» 2-кезең бойынша атқарылатын іс-шаралар:

Тақырыбы

Мерзімі

1

Пән мұғаліміне қолданылатын АКТ әдістері

Mindoma.com

Tinklink.com

Padlet.com

Quizz.com

Trienty

Ansher carden

қараша

«Шығармашылық» 3-кезең бойынша атқарылатын іс-шаралар:

Тақырыбы

Мерзімі

1

APP бағдарламасы арқылы ұялы телефонға электронды тапсырма құру

Қаңтар-ақпан

2

Электронды оқулық жасау

Қаңтар-ақпан

«Z дәуірі» 4-кезең бойынша атқарылатын іс-шаралар:

Тақырыбы

Мерзімі

1

Әлеуметтік желілерді тиімді пайдалану

сәуір

2

Сапалы қысқа бейнебаян, трейлер, сюжет түсіру, пост жасау

сәуір

Бүгінгі күні білім беру жүйесін ақпараттандыру ісінің басты мақсаты – заман талабына байланысты ақпараттық қоғамның шарттарына сәйкес оқушыларды тұрмыстық, қоғамдық және кәсіптік өмір салаларына толық әрі тиімді түрде араластыру болып табылады. Ақпараттандыру ісінде білім жүйесінің адамзат тіршілігінің барлық әлеуметтік аймақтармен әрекеттесуі және олардың бір – біріне әсер етуі толық бейнеленеді. Мұнда білім беру ісінің өзі де күрделі құрылымнан тұратын жүйе ретінде қарастырылады. Бұл клубтың педагогқа маңызы өте зор деп есептеймін.

Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты

Батыс Қазақстан облысы

Орал қаласы, Мұхит көшесі 37

Жұмыс телефоны: 50-62-73, факс: 50-62-73