Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты

Қорытынды аттестаттау

Қорытынды аттестаттау

Негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгеру білім алушылардың міндетті қорытынды аттестаттауымен аяқталады және мынадай нысандарда өткізіледі:

1) 9 (10) сыныптардың білім алушылары үшін қорытынды бітіру емтихандары;

2) 11 (12) сыныптардың білім алушылары үшін мемлекеттік бітіру емтихандары.

Қорытынды аттестаттауға МЖМБС талаптарына сәйкес үлгілік жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгерген 9 (10), 11 (12) сыныптардың білім алушылары жіберіледі.

ҚОРЫТЫНДЫ АТТЕСТАТТАУ БОЙЫНША НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ БАЗА

· «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 18.03.2008 ж. №125 бұйрығы;

· «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемле¬кеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы №348 бұйрығы;

· «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, орта, арнаулы, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы» ҚР БҒМ 6.04.2020 ж. №130 бұйрығы;

· «Орта білім беру ұйымдарында 2026-2027 оқу жылының басталу және аяқталу мерзімдерін, сондай-ақ білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу мерзімдерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің м.а. 2026 жылғы 29 шілдедегі №213-НҚ бұйрығы;

· «Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың түрлері мен нысандарын, білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды беру қағидаларын және оларды есепке алуды, білім беру ұйымдарында (әскери, арнайы оқу орындарын қоспағанда) оқуын аяқтамаған адамдарға берілетін анықтаманың нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы №39 бұйрығы.

Өткізу формасы: мектеп бітіру емтихандары

Өткізілетін орны: білім алушылар оқитын мектеп базасы

Өткізу мерзімі:

9 (10)-сынып оқушылары үшін қорытынды бітіру емтихандары – 2027 жылғы 31 мамырдан бастап 11 маусым аралығында;

11 (12)-сынып оқушылары үшін мемлекеттік бітіру емтихандары – 2027 жылғы 1-17 маусым аралығында.

9 (10)-сынып оқушылары үшін:

1) математика (алгебра) бойынша жазбаша емтихан – 2027 жылғы 31 мамыр;

2) таңдау пәні бойынша жазбаша емтихан (физика, химия, биология, география, геометрия, Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы, әдебиет (оқыту тілі бойынша), шет тілі (ағылшын тілі), информатика) – 2027 жылғы 3 маусым;

2) қазақ тілі бойынша эссе нысанында жазбаша емтихан, гуманитарлық цикл пәндерін тереңдетіп оқытатын мектеп білім алушылары үшін - жазбаша жұмыс (мақала, әңгіме, эссе) – 2027 жылғы 7 маусым;

4) қазақ тілінде оқытатын сыныптарда орыс тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан – 2027 жылғы 11 маусым;

 

Пәні

Түрі

Ұзақтығы

Күні

1.

Математика(алгебра)

Жазбаша

3 сағат

31-мамыр

2.

Қазақ тілі

Жазбаша

2 сағат

3-маусым

3.

Таңдау пәндері

(физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзі тарихы, құқық негіздері, әдебиет, шетел тілі, информатика)

Жазбаша

2 сағат

7-маусым

4.

Орыс тілі

Жазбаша

2 сағат

11-маусым

11 (12)-сынып оқушылары үшін:

1) Қазақстан тарихы бойынша ауызша емтихан – 2027 жылғы 1 маусым;

2) алгебра және анализ бастамалары бойынша жазбаша емтихан – 2027 жылғы 4 маусым;

3) қазақ тілі бойынша жазбаша емтихан – 2027 жылғы 9 маусым;

4) таңдау пәні бойынша жазбаша емтихан (физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзілік тарих, құқық негіздері, әдебиет (оқыту тілі бойынша), шет тілі (ағылшын тілі), информатика) – 2027 жылғы 14 маусым;

5) қазақ тілінде оқытатын мектептерде/сыныптарда орыс тілі мен әдебиетінен жазбаша емтихан – 2027 жылғы 17 маусым.

 

Пәні

Түрі

Ұзақтығы

Күні

1.

Қазақстан тарихы

Ауызша

Дайындық 25 минут

1-маусым

2.

Алгебра және анализ бастамалары

Жазбаша

5 сағат

4-маусым

3.

Қазақ тілі

Жазбаша

3 сағат

9-маусым

4.

Таңдау пәндері

(физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзі тарихы, құқық негіздері, әдебиет, шетел тілі, информатика)

Жазбаша

3 сағат

14-маусым

5.

Орыс тілі

Жазбаша

3 сағат

17-маусым

Емтихан материалдарын дайындау

9 (10) сынып білім алушылары үшін емтихан материалдарын (тапсырмалар мен балдарды қою схемасы) облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары (бұдан әрі – білім басқармалары) дайындайды, орта білім беру ұйымдарының 11 (12) сынып білім алушылары үшін, сондай-ақ республикалық мектептердің 9 (10) және 11 (12) сыныптар білім алушылары үшін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің "Ұлттық тестілеу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ҰТО) дайындайды.

Қорытынды аттестаттаудан босату

9 (10) және 11 (12) сыныптардың білім алушылары қорытынды аттестаттаудан білім басқармалары басшыларының бұйрықтарымен, республикалық мектептердің білім алушылары Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрығымен мынадай жағдайларда босатылады:

1) денсаулық жағдайына байланысты (№ ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген №026/у нысанына сәйкес дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы);

2) бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар, оның ішінде бала кезінен мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар балалар (мектептің педагогикалық кеңесінің шешімінен көшірме және мектептің қолдаухаты);

3) халықаралық олимпиадаларға (жарыстарға) қатысу үшін Қазақстан Республикасының құрама командасына үміткерлер болып табылатын жазғы оқу-жаттығу жиындарына қатысушылар ("Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 20317 болып тіркелген) бекітілген нысанға сәйкес білім алушылардың оқу үлгерімі табельдерінің (бұдан әрі – табель) түпнұсқасы және көшірмесі. Табельдердің түпнұсқалары оның көшірмесімен сәйкестігі тексерілгеннен кейін мектеп әкімшілігіне қайтарылады);

4) жақын туыстарының қайтыс болуы (жақын туыстарының қайтыс болуы туралы куәлік).

Қорытынды аттестаттаудан босатылған білім алушылардың қорытынды бағасы ағымдағы оқу жылының жылдық бағаcы негізінде қойылады.

9 (10) және 11 (12) сынып білім алушыларының емтихан балдарын емтихан бағаларына ауыстыру шәкілі

Баға

Максимальды балл 30 болған пәндер үшін балдар

Максимальды балл 40 болған пәндер үшін балдар

Максимальды балл 50 болған пәндер үшін балдар

Максимальды балл 60 болған пәндер үшін балдар

"2"

0-11

0-15

0-19

0-23

"3"

12-19

16-25

20-32

24-38

"4"

20-25

26-33

33-42

39-50

"5"

26-30

34-40

43-50

51-60

Емтихан қорытындысы бойынша:

ü 5 – 9 (10)-сыныптардағы оқу кезеңінде барлық пәндер бойынша жылдық және қорытынды бағалары "5" болған 9 (10)-сынып білім алушыларына № 39 бұйрықпен бекітілген нысанға сәйкес негізгі орта білім туралы үздік аттестат беріледі.

ü Жалпы орта білім туралы аттестатқа қосымшаға енгізілетін пәндерден "5" болған және 10 (11) - 11 (12) сыныптардағы оқу кезеңінде барлық пәндер бойынша жылдық, қорытынды бағалары "5" болған 11 (12) сынып білім алушыларына № 39 бұйрықпен бекітілген нысанға сәйкес жалпы орта білім туралы үздік аттестат беріледі.

ü Негізгі орта білім туралы үздік аттестат алған, негізгі, жалпы орта білім беру бағдарламаларына немесе "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымының (бұдан әрі – "НЗМ" ДББҰ) білім беру бағдарламаларына сәйкес 5 (6) - 11 (12) сыныптарда білім алған кезеңінде барлық пәндер бойынша жылдық және қорытынды бағалары "5", 10 (11)-11 (12)-сыныптар аралығында білім алу кезеңінде барлық пәндер бойынша тоқсандық бағалары "5" болған, жалпы орта білім беру аяқталғаннан кейін қорытынды аттестаттаудан "5" бағасына өткен 11 (12) сынып білім алушыларына № 39 бұйрықпен бекітілген нысанға сәйкес жалпы орта білім туралы "Алтын белгі" аттестаты беріледі.

Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты

Батыс Қазақстан облысы

Орал қаласы, Мұхит көшесі 37

Қабылдау бөлімі 8 (7112) 24-03-10

Мектеп директоры Зулкашева Шынар Мулкайевна
8 (7112) 24-02-20

Интернат меңгерушісі Мурзабаева Айгерим Садыковна
8 (7112) 24-03-44

Электрондық пошта: okshikod11@mail.kz