Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты

PISA бойынша түсінік

PISA (Programme for International Student Assessment) - Білім алушылардың жетістігін халықаралық бағалау бағдарламасы

PISA бағдарламасының мақсаты -  оқушылардың оқу барысында алған білімдері мен дағдыларын түрлі өмірлік жағдайларда қолдана білу, нақты бір оқу пәндерімен тікелей байланысты емес мәселелерді шешу біліктіліктерін бағалау.

 Жобаның үйлестірушісі

Экономикалық Ынтымақтастық және Даму ұйымы (ЭЫДҰ)

PISA – 15 жастағы білім алушылардың математикалық, жаратылыстану және оқу сауаттылығы деңгейлерін бағалайтын халықаралық зерттеу.

PISA зерттеуі функционалдық сауаттылығын бағалайды: әртүрлі өмірлік жағдайларда білімді тиімді пайдалану, логикалық ойлау және негізгі қорытынды жасау, ақпараттық кестелер мен диаграмаларды және т.б. қолдану қабілеті.

Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығы дегеніміз – оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету.

PISA зерттеуі 2000 жылы басталып, үш жылдық кезеңмен өткізіледі. Бұл қатысушы-елдерге оқушылардың білім жетістіктерінің нәтижелеріндегі қозғалысты, білім беру жүйесіндегі өзгерістерді бақылауға, жүргізілген реформалардың әсерін анықтауға мүмкіндік береді.

 

Қатысушы елдер саны

PISA - 2000

PISA - 2015

PISA - 2018

PISA - 2022

43 ел

 

71 ел

78 ел

81 ел

 

Қазақстан оқушыларының көрсеткіштері

(орташа балл саны бойынша, max-1000)

ПӘНДЕР

2009

2012

2015

2018

2022

Математикалық сауаттылық

405

432

460

423

(54-ші орын)

425

(46-ші орын)

Жаратылыстану сауаттылығы

400

425

456

397

(69-шы орын)

423

(49-шы орын)

 

Оқу сауаттылығы

390

393

427

387

(69-шы орын)

 386

(61-шы орын)

 

Зерттеу үш жылдық кезеңмен өткізіледі.

Әрбір кезеңде басым бір бағыты анықталады.

Оқу сауаттылығы

2000, 2009, 2018

Математикалық сауаттылық

2003, 2012, 2021(22)

Жаратылыстану сауаттылығы

2006, 2015, 2025

Дүниежүзілік пандемияға байланысты 2022 жылға ауыстырылды

 

PISA – 2025 ерекшеліктері

Математикалық сауаттылық

Қосымша

Оқу сауаттылығы

Қосымша

Жаратылыстану сауаттылығы

Негізгі

Цифрлық әлемде оқу

Инновациялық бағыт

 

PISA-2025 циклындағы жаңашылдықтар

Жаратылыстану сауаттылығын бағалауға арналған алдыңғы PISA циклдерінің тұжырымдамалары білім берудің нәтижесі және жаратылыстану ғылымдарын бағалаудың басты түсінігі ретінде «жаратылыстану сауаттылығы» түсінігін енгізді. PISA 2025 циклінің тұжырымдамасы бұдан кеңірек. Құжаттың басты назары математика мен оқу сауаттылығына арналған тұжырымдамалармен сәйкестендіру үшін «жаратылыстану сауаттылығына» емес, жаратылыстану ғылымдарының жалпы оқу нәтижелеріне аударылады.

2025 циклдің тұжырымдамасын әзірлеу кезінде алдыңғы циклдердегі екі құзырет («Ғылыми зерттеуді бағалау және жобалау» және «Деректер мен дәлелдерді ғылыми тұрғыдан түсіндіру») бір құзіретке біріктірілді: «Ғылыми зерттеу үшін жобаларды құру және бағалау, ғылыми деректер мен дәлелдерді сыни тұрғыдан интерпретациялау». Бұл өзгеріс жобалауды бағалауға көбірек көңіл бөлу үшін жасалды, өйткені эксперименттерді жобалаумен көп адамдар айналыспайды және екі құзырет те зерттеуге қатысу процесінің бөлігі ретінде қарастырылды.

Қазіргі уақытта қоғамда ақпарат көздерінің басым бөлігі Интернеттен болса, оның ішінде жаратылыстану ғылымы басым болып келеді, бұл білім алушыларға «шешім қабылдау және әрекет ету үшін ғылыми ақпаратты зерттеуге, бағалауға және пайдалануға» үйрету маңыздылығын айқын көрсетеді. Сол себепті осы үшінші жаңа құзырет қосылды.

Құзіретке әсер ететін эмоционалды факторлар бойынша біраз өзгерістер орын алды: зерттеудің назары жаратылыстану ғылымдарына деген көзқарастан «жаратылыстану ғылымдары бойынша өзіндік ұстаным» деген кеңірек түсінікті зерттеуге бағытталды. Бұл түсінік білім алушылардың жаратылыстану ғылымдарына қатысуын жан-жақты сипаттай алады.

Соңында назарымыз тұрақтылық пен қоршаған орта туралы білімге бағытталады. Бұл элементтер «Антропоцен дәуірінде әрекет ету қабілеті» түсінігіне кіріктірілді, және бұл тұжырымдама осы түсініктің элементтері болып саналатын құзыреттерді анықтайды және олар PISA 2025 циклінде бағаланады.

 

Компьютерлік формат

PISA – 2025 электронды форматта өтеді, яғни арнайы компьютерлік бағдарлама қолданылады 

Өту мерзімі: 

2025 жыл, Сәуір-маусым

Сынақ ұзақтығы:

Тапсырмаларды орындау: 2 сағат

Оқушыны анкеталау: 45 минут

Әкімшілікті анкеталау: 45 минут

Қатысушылар:

Кездейсоқ тәсілмен еліміздің қатысушы мектептері мен колледждері анықталады (шамамен 10%-ы)

Мектептегі 15 жасқа толған 8-10 сынып оқушылары қатысады.

 

Тапсырма үлгілері

Дұрыс жауап: Оқушылар жанартау белсенділігінің немесе жер сілкінісінің болу ықтималдығы аз жерді анықтау үшін, картада берілген деректерді түсіндіруі керек, солтүстік Еуропаның үстіндегі картадағы D орны.

 

Дұрыс жауап: Оқушылар жер бетіне жеткен күн сәулесінің таралу пайызы ірі жанартау атқылауы кезінде төмендейтінін көрсете отырып, графикалық деректерді түсіндіруі керек, сондай-ақ жанартау шығарындылары күн сәулесін көрсетеді немесе жұтады дегенді көрсететін немесе тұспалдайтын түсіндірме беруі керек.

 

Дұрыс жауап: Оқушылар 2-орын мен 4-орында өзендегі су молекулаларының бар екенін анықтау үшін, диаграммада берілген судың электр станциясымен қалай қозғалатыны жайлы түсінгендерін қолдануы тиіс.

 

Дұрыс жауап: Оқушылар тұщы мембрана арқылы су қозғалысының су мен тұзды судағы тұздың концентрациясына әсерін анықтау үшін, анимацияны пайдалануды сұрайды. Дұрыс жауабы: Молекулалардың мембрана арқылы қозғалуына қарай, тұщы суы бар резервуардағы тұздың концентрациясы ұлғаяды, ал тұзды суы бар резервуардағы тұздың концентрациясы азаяды.

 

PISA зерттеуіне дайындық ресурстары

Әдістемелік құралдар

PISA тапсырмаларының үлгілері

Тест тапсырмалары жинағы

 

 

QR сканер қосымшасы арқылы жүктеп алуға болады.

 

Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты

Батыс Қазақстан облысы

Орал қаласы, Мұхит көшесі 37

Жұмыс телефоны: 50-62-73, факс: 50-62-73