Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты

Жұмыс жоспары

Кітапхана жұмысының негізгі мақсаты

Мектеп кітапханасы - мектептің бір бөлімі, сондықтан жылдық жоспардың басым бөлігі-оқу тәрбие жоспарына негізделеді. Кітапхана жұмысының қажеттілігі мен ерекшілігі, ол мектеп ұжымының барлық оқу жүйесіне қатысушыларына оқу бағдарламасының түрлерін, жаңа кітаптарды және басқа да ақпараттық материалдарды ұсынады. Қазіргі оқыту технологиялары арқылы әр түрлі кітапханалық іс шараларды өткізу негізінде оқушылардың кітап оқу қызметін қалыптастыра отырып, тілдерін дамыту арқылы білім сапасын арттыруға көмектесу. Кітап өз оқырманын жан-жақты тәрбиелеумен бірге танымдық білімдік қасиетін дамытары анық. Президент ұсынған «Оқуға құштар мектеп» жобасын ұйымдастыру арқылы оқырмандармен жұмыс жасау. Көркем әдебиеттермен кітап қорын толықтыру. Жаңа кітаптарға , мерзімді басылымдарға тұрақты ақпарат күндерін өткізу.

Кітапхана жұмысының міндеттері

1. Кітапхана өз қызметінде Қазақстан Республика үкіметінің кітапхана ісінің мәселелері жөніндегі шешімдерін, Білім министірінің бұйрықтарын және осы жоспарды басшылыққа алады.

2. Кітапхана өз жұмысын педагогикалық ұйыммен бірлесіп атқарады.

3. Оқырмандарға тез және сапалы қызмет көрсету.

4. Оқулықтарды тексеру бойынша рейд жүргізу.

5. Кітап қорының жинақталуын, есепке алынуын, орналастырып сақталуын ұйымдастару.

6. Кітапхананы қазіргі талапқа сай безендіріп, оқырмандармен белгіленген жоспар бойынша әдеби кеш, дөңгелек үстел, ақын-жазушылардың шығармашылық кештерін өткізу.

7. Кітаппен өз бетінше жұмыс істеу жолдарын меңгерту, кітап арқылы ой-өрістерін, рухани жан дүниесін кеңейту, білімді парсатты азамат етіп тәрбиелеу

Жұмыс мазмұны

Оқу әдебиеті қоры мен жұмыс жоспары

2024-2025 оқу жылына арналған оқушылардың оқулықтармен және оқу құралдармен қамтылуын қадағалау

Оқулықтарды қабылдау және оқушыларға беру. Оқу бағдарламасына сәйкес толық көлемде оқулық беруді қамтамасыз ету.

Қор жылжуына қорытынды жүргізу

Түскен оқулықтарды қабылдау және өңдеу: құжаттарын ресімдеу, оларды бухгалтерияға өткізу, жиынтық есепке алу кітабына (бұданәрі – ЖЕК) жазу, мөртаңба қою. Түсу деңгейіне қарай, картотеканы ресімдеу

Оқу бағдарламаларының ескіруі мен ауысуын ескере отырып, оқулық қорын есептен шығару

Сыныптар бойынша оқулықтар, ведомостер беру журналын жүргізу

Оқулықтарды тексеру. Рейд жүргізу.

Оқырмандармен жеке жұмыс

Оқырмандар формулярымен танысу және талдау.

Кітапханаға түскен жаңа кітаптар, энциклопедиялар, ертегі кітаптар туралы ұсынымдық және жарнамалық әңгімелесулер. Түсу деңгейіне қарай

«Сенің сүйікті шығармаң» тақырыбы бойынша оқушыларға сауалнама жүргізу

Мектеп кітапханасында атқарылатын іс-шаралар

 

Атқарылатын іс шаралар

Мақсаты

Орындалу мерзімі

Сынып

Өткізілу түрі

Жауапты

1

«Кітап-білім бұлағы»

Оқушыларды оқулықпен қамтамасыз ету

Тамыз Қыркүйек

6-11 сыныптар

Оқулық тарату

Кітапханашылар

 

5 қыркүйек Қазақстан халқы тілдері күні.

«Тіл-татулық тірегі» көрме шығару

5 қыркүйек

6-11 сыныптарға

Тәрбие сағаты

Кітапханашылар

2

«Менің сүйікті кітабым» жобасы

Оқырмандардың әдеби кітапқа құштарлығын арттыру. Болашаққа өз үлесін қоса білетін ізденімпаз ұрпақ, оқыған кітаптарын талдай отырып, рухани-тәлім тәрбиелеу, кітап оқуға баулу.

Жыл бойы

6-11 сыныптар

Оқырмандар арасында кітап оқу сайысы

Кітапханашылар

3

«Кітапханаға саяхат»

Білімнің кілті кітап арқылы берілетінін ұғындыру, кітаптың адам өміріндегі маңызы жайлы түсіндіру.

Қыркүйек

Жаңадан қабылданған оқушылар

Саяхат

Кітапханашы

4

22-қыркүйек Халықаралық тілдер күні.

Танымдық сағат

20 Қыркүйек

6-8 сыныптар

Көрме

Кітапханашы

6

Б.Соқпақбаевқа - 100жыл

«Бір ел – бір кітап» акциясы аясында Б.Соқпақбаевтың шығармалары бойынша түсірілген фильмдерге шолу.

Қазан 13.10

7-сынып

Кино шолу

Кітапханашы

Сынып жетекші

7

С.Сейфуллин туғанына 130 жыл толуына орай.

Ақынның шығармаларын, оның қызметі мен шығармашылығы жайындағы әдебиеттерді тауып оқуға, қазақ әдебиетінің озық туындыларын насихаттау.

Қазан 15.10

6-11 сыныптар

Библиографиялық, насихат шолу

Кітапханашы

8

25.10 Республика күні

Сайыс

Республика күніне арналған «Қазақстанның көрікті қалалары»

Сурет, оқыған кітап, Қазақстан қалаларына саяхат туралы бейнефильм.

Қазан

6-11 сыныптар

Кітап оқу

Кітапханашы

9

«Рәміздерім-мақтанышым» кітап көрмесі

оқырмандарды тәуелсіз елінің рәміздерін жетік білуге, әрі құрметтеуге және толықтай мәліметпен қанағаттандыру.

Қазан

8-9 сыныптар

Презентация,

Көрме

Кітапханашы

10

Отбасылық оқу дәстүрі

Оқырмандарды отбасымен кітап оқуға шақыру. Оқушыларды жас кезінен отбасымен кітап оқуға дағдыландыру. Кітапхана мен отбасыарасындағытұрақтықарым-қатынастықалыптастыру.

Қараша

6-7 сыныптар

Отбасылық оқу дәстүрі

Кітапханашы

Сынып жетекші

11

Қазақстан Республикасының халықаралық валютасы Теңгенің (1993) алғашқы қолданысқа енгізілгеніне 30 жыл

Ұлттық валютаның тарихы, жетістіктері мен ерекшеліктерін түсіндіру

Қараша

6-7 сыныптар

Көрме

Кітапханашы

13

Оқулық тексеру

Оқулықтарын тексеру, таза ұстауға шақыру

Тоқсан сайын

6-11 сыныптар

Рейд жүргізу

Кітапханашы

14

16-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні «Тәуелсіздік жетістіктері» атты кітап көрмесі

Ұлы Дала тарихынан бастап, Тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақстанның дербес мемлекет ретінде қалыптасу тарихына шолу жасау

Желтоқсан

6-7 сыныптар

Көрме

Кітапханашы

15

С.Торайғыровтың Қамар сұлу романына 110жыл

1914 жылы шыққан романы, жартылай өлеңмен, жартылай прозамен жазылған.

Романдағы кейіпкерлер туралы пікір талас.

Желтоқсан

9-11 сыныптар

 

Кітапханашы

Сынып жетекші

16

«Желтоқсан жаңғырығы» Желтоқсан оқиғасына орай кітап көрмесі

Желтоқсан оқиғасымен таныстыру

Желтоқсан

6-11 сыныптар

Кітап көрмесі, слайд

Кітапханашы

17

«Салауатты өмір-көтеріңкі көңіл»

балаларды зиянды әдеттерден сақтандыру, салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағыттау.

Желтоқсан

6-7 сыныптар

Интеллектуалды сайыс

Кітапханашы

19

Мырзалиев Қадыр Ғинаятұлы (Қадыр Мырза Әлі), ақын, Қазақстанның халық жазушысы, туғанына 90 жыл (1935-2011)

Ақынның шығармашылығымен таныстыру,

5 Қаңтар

8-9 сыныптар

 

Кітапханашы

Сынып жетекші

20

Есенберлин Ілияс, жазушы, туғанына 110 жыл (1915-1983)

Жазушының шығармашылығымен таныстыру

10 Қаңтар

6-8 сыныптар

Кітап көрмесі

Кітапханашы

22

Невада Семей антиядролық қозғалысына 35жыл

Оқушының ой-өрісін дамыту,іздендіру

Қаңтар

9-11 сыныптар

Дебат

Кітапханашы

тарих мұғалімі

24

«Отты жылдар жаңғырығы» Ауған ардагерлеріне арналады.

отансүйгіштікке тәрбиелеу, өз елінің тарихына қызығушылығын арттыру.

15 Ақпан

7-8сынып

Тариха шолу, кітап көрмесі

Кітапханашы

26

1-Наурыз «Алғыс айту» күні «Алғыс білдіру ең асыл сөз»

балалардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

Наурыз

6 сынып

Кітап көрмесі

Кітапханашы

28

Молдағалиев Тұманбай туғанына 90 жыл (1935-2011)

Ақын, Қазақстанның халық жазушысы әдеби кеш

Наурыз

6-9 сыныптар

әдеби кеш

Кітапханашы

Сынып жетекші

29

«Қош келдің, әз-Наурыз!»

Мақалды тап, жұмбақты шеш сайыс ойын

Наурыз

6 сынып

Кітап көрмесі

Кітапханашы

31

2-сәуір Халықаралық балалар кітабы күні ата-аналармен бірге дөңгелек үстел

Кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру. Ата-аналар арасында балаларға кітап оқудың қажеттілігін насихаттау.

Сәуір

6-9 сыныптар

Кітап көрмесі, дөңгелек үстел

Кітапханашы

32

«Ғарышқа түрен салған қыран қазақ»

Ғарыш әлеміне деген қызығушылығын қалыптастырып, ғарышкерлерге деген құрмет сезімін арттыру.

12 Сәуір

7-8 сыныптар

Кітап көрмесі

Кітапханашы

33

Қ.Сәтбаев туғанына 125 жыл

Қ.Сәтбаевтың өмірбаянымен таныстыру, білімі, ғылыми еңбектері, қоғамдық жұмысы туралы мәлімет беру.

Сәуір

6-7сынып

Ашық сабақ

Кітапханашы

Сынып жетекші

34

1-мамыр Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне орай «Қазақстан достық мекені»

Оқырмандарға көпұлтты Қазақстан Республикасының халықтар достығы – еліміздің бірлігінің кепілдігі екендігін таныту.

Мамыр

8-9 сыныптар

Кітап көрмесі

Кітапханашы

35

7-Отан қорғаушылар күніне орай «Ер жігіт ел қорғаны»

Оқушыларды елімізді,отанды құрметтеуге тәрбиелеу; отансүйгіштікке, елжандылыққа, батылдыққа, шыншылдыққа баулу.

Мамыр

7-8 сыныптар

Кітап көрмесі

Кітапханашы

36

9 мамыр Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 80 жыл (1941-1945)

Балаларды Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. патриоттық тәрбиеге баулу.

Мамыр

6-8 сыныптар

Кітап көрмесі

Тарихи сабақ

Кітапханашы

37

«Кітап –білімнің қайнар көзі»

Оқулықтармен жұмыс

Мамыр

6-11 сыныптар

Оқулықтарды жинау

Кітапханашы

Бас кітапханашы: Мурзашева А. Е.

 

Дарынды балаларға арналған С. Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернат кітапханасының 2024-2025 оқу жылында «Оқуға құштар мектеп» жобасы бойынша жұмыс жоспары.

Р/с

Жұмыстың атауы

түрі

уақыты

сыныбы

Жауапты адамдар

1

«20 минут оқы да, 3 минут эссе жаз»

Кітап оқу акциясы

Тәрбие сағаттарында

6-11 сыныптар

Тәрбие бөлімі, кітапханашы, кураторлар

2.

«Кітаппен өткен демалыс күндер қызықты»

Бейнежазба жасау

Каникул күндері

6-11 сыынып

Ата-аналар, кураторлар, кітапхана

3.

«Оқы және өзгеге сыйла»

буккросинг

Жыл бойы

Барлық сыныптар

Оқушылар, кураторлар

4.

«Бір сынып-бір кітап»

Қысқа метражды фильм, шағын сахналық көрініс, пікір талас

қазан

9-сынып

Кураторлар, кітапханашылар

5.

«Біз кітап оқуды ұсынамыз»

Челлендж

қараша

8-сынып

Кураторлар, оқушылар, кітапханашылар

6.

«Бір отбасы-бір кітап» акциясы

Оқырмандар конференциясы

желтоқсан

6-сынып

Ата-аналар, кураторлар, кітапханашылар

7

«Әкеммен бірге кітап оқимын»

Инста-акция

қаңтар

6 сыныпта

Әкелер мен балалар

8.

«Ана қолындағы кітап»

Ұсыным дайындау

Ақпан

7-сынып

Ана-бала-кітапханашы, кураторлар

9.

«Әдеби Ақжайық » жобасы

Өлке –ақын жазушыларының өмірбаяндары мен шығармаларынан шаралар өткізу

Тоқсанына бір рет

6-8 сыныптар

Кураторлар, кітапханашылар

10.

«Менің сүйікті кітаптарым»

Үй кітапханаларындағы кітаптарын таныстыру. Виртуалды көрме

Ай сайын

6-8 сыныптар

Ата-аналар, оқушылар, кітапханашылар

11.

«Оқырман отбасы» сайысы

Оқырман отбастарын анықтау

наурыз

Барлық сынптар

Тәрбие бөлімі, кураторлар, ата-аналар, кітапханашылар

12.

«Отбасы күні: біздің отбасымыздың өміріндегі кітап»

Әрбір отбасы өздері таңдап алған кітаптарынан библиошоу жасау

мамыр

Барлық сыныптар

Ата-аналар, кураторлар,

13.

«Ата-аналарға көмек. Балаңызға мағыналы оқуға қалай көмектесуге болады» Оқу сауаттылығын қалыптастырудың әдістері мен тәсілдері

Семинар-практикум

Тоқсан сайын

Барлық сыныптар

Мектеп әкімшілігі, кураторлар, кітапханашылар

Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты

Батыс Қазақстан облысы

Орал қаласы, Мұхит көшесі 37

Жұмыс телефоны: 50-62-73, факс: 50-62-73