Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты

5-сыныпқа құжаттар қабылданады

Құрметті ата-аналар және оқушылар!

2026-2027 оқу жылына Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты 5-сыныпқа қабылдау конкурсына қатысуға құжаттар қабылдайды.

Құжаттарды онлайн тіркеу 2026 жылғы 1 ақпан мен 15 сәуір аралығында www.qabyldau.daryn.kz сайтында өтеді.

Тіркеу кезінде қажетті құжаттар:

1) баланың ата-анасынан немесе өзге де заңды өкілдерінен өтініш (үлгі бойынша);
2) ЖСН көрсетілген баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
3) баланың электронды мекенжайын көрсете отырып, оқу орнынан ұйымның мөрімен расталған фотосуреті бар анықтама;
4) баланың 3х4 көлеміндегі 2 дана фотосуреті;
5) халықтың әлеуметтік осал топтарына жататынын растайтын құжаттардың көшірмелері (болған жағдайда);

Ақпараттық жүйе болған кезде көрсетілген құжаттар электрондық форматта ұсынылады. Ақпараттық жүйе болмаған жағдайда сканерленген құжаттар электрондық мекенжайға жіберіледі немесе қағаз нұсқасында мамандандырылған білім беру ұйымның кеңсесіне ұсынылады.

Қабылдау конкурсы 2026 жылдың 15 мамыр – 15 маусым аралығында кесте бойынша сенбі-жексенбі күндері өтеді.

Қабылданатын оқушылар саны:

5-сынып үшін – 2 сынып комплект, 50 оқушы

Оның ішінде қабылданатын білім алушылардың жалпы санынан 15% мөлшерінде іріктелетін халықтың әлеуметтік осал топтарынан 8 оқушы және қабылданатын жалпы оқушылар санынан 5% мөлшерінде Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласынан 3 оқушы (болған жағдайда)  

Әлеуметтік осал топтарына:

  • жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
  • мүгедектігі бар балалар;
  • көпбалалы отбасылардан шыққан балалар (аналары "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған, бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ "Ана даңқы" I және II дәрежелі ордендерімен марапатталғандар);
  • атаулы мемлекеттік әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар, сондай-ақ атаулы әлеуметтік көмек алмайтын (жан басына шаққандағы табысы күнкөріс деңгейінен төмен) отбасылардан шыққан балалар;
  • бірінші топтағы мүгедектігі бар ата-аналардың балалары;
  • мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған немесе асырап отырған отбасылардың балалары;
  • отбасында тұратын жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
  • төтенше жағдайлар салдарынан шұғыл көмекке мұқтаж отбасылардан шыққан балалар;
  • мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді, әскери қызметті атқару кезінде, ғарыш кеңістігіне ұшу немесе ұшу дайындығы барысында қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасыларындағы балалары жатады.

Тапсырма мазмұны және бағалау ерекшеліктері

5-сыныпқа арналған тестілеу мынадай пәндер бойынша 40 сұрақтан тұрады:
Математика және логика – 30 сұрақ
Оқу сауаттылығы – 10 сұрақ

Тестілеуге бөлінген уақыт 5 сыныпта – 60 минут

Тестілеу тапсыру тілі: қазақ

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!!!

Тестілеудің қорытынды нәтижелерін есептеу кезінде дұрыс жауаптар саны "4" (төрт) коэффициентіне көбейтіледі, ал бір дұрыс емес жауап "-1" коэффициентіне көбейтіледі. Осылайша, жалпы қорытынды есептеледі (4* дұрыс жауап + ( - ) * дұрыс емес жауап = жалпы қорытынды балл).

Конкурстық іріктеу нәтижелері бойынша апелляция жүргізілмейді.

Облыстық кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері, сондай-ақ "Дарын" орталығы, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім басқармалары өткізетін, республикалық олимпиадаларға қатысу туралы дипломдардың иелері жинаған баллдары тең болған жағдайда мамандандырылған білім беру ұйымдарына қабылдау кезінде басымдыққа ие болады.

Толық ақпарат алу үшін:

Мекен жайы: Орал қаласы, Мұхит көшесі 37
Байланыс телефоны: +7 (7112) 24-03-10
Электронды пошта: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Мектеп сайты: http://www.11-mektep.edu.kz
WhatsApp +7 705 2676730 (Ахмадиев Арман Сансызбаевич)
Instagram @11_mektep_oral
Facebook www.facebook.com/saken.mektebi

Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты

Батыс Қазақстан облысы

Орал қаласы, Мұхит көшесі 37

Қабылдау бөлімі 8 (7112) 24-03-10

Мектеп директоры Зулкашева Шынар Мулкайевна
8 (7112) 24-02-20

Интернат меңгерушісі Мурзабаева Айгерим Садыковна
8 (7112) 24-03-44

Электрондық пошта: okshikod11@mail.kz