Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты

Кітапханасының жұмыс жоспары

2025-2026 оқу жылындағы мектеп кітапханасының жұмыс жоспары

Кітапхана жұмысының негізгі мақсаты
Мектеп кітапханасы- мектептің бір бөлімі, сондықтан жылдық жоспардың басым бөлігі-оқу тәрбие жоспарына негізделеді. Кітапхана жұмысының қажеттілігі мен ерекшілігі, ол мектеп ұжымының барлық оқу жүйесіне қатысушыларына оқу бағдарламасының түрлерін, жаңа кітаптарды және басқа да ақпараттық материалдарды ұсынады. Қазіргі оқыту технологиялары арқылы әр түрлі кітапханалық іс шараларды өткізу негізінде оқушылардың кітап оқу қызметін қалыптастыра отырып, тілдерін дамыту арқылы білім сапасын арттыруға көмектесу. Кітап өз оқырманын жан-жақты тәрбиелеумен бірге танымдық білімдік қасиетін дамытары анық. Президент ұсынған «Оқуға құштар мектеп » жобасын және «Балалар кітапханасы»бағдарламасын ұйымдастыру арқылы оқырмандармен жұмыс жасау. Көркем әдебиеттермен кітап қорын толықтыру. Жаңа кітаптарға , мерзімді басылымдарға тұрақты ақпарат күндерін өткізу
Кітапхана жұмысының міндеттері
Кітапхана өз қызметінде Қазақстан Республика үкіметінің кітапхана ісінің мәселелері жөніндегі шешімдерін, Білім министірінің бұйрықтарын және осы жоспарды басшылыққа алады.

1. Кітапхана өз жұмысын педагогикалық ұйыммен бірлесіп атқарады.

2. Оқырмандарға тез және сапалы қызмет көрсету.

3. Қарыз кітапқа немқұрайлы қарайтын оқырмандармен жұмыс жүргізу.

4. Оқулықтарды тексеру бойынша рейд жүргізу.

5. Кітап қорының жинақталуын, есепке алынуын, орналастырып сақталуын ұйымдастару.

6. Кітапхананы қазіргі талапқа сай безендіріп, оқырмандармен белгіленген жоспар бойынша әдеби кеш, конференция дөңгелек үстел, ақын-жазушылардың шығармашылық кештерін өткізу.

7. Кітаппен өз бетінше жұмыс істеу жолдарын меңгерту, кітап арқылы ой-өрістерін, рухани жан дүниесін кеңейту, білімді парсатты азамат етіп тәрбиелеу.

Кітапхана туралы мәлімет

Жалпы кітап қоры - 56965

Оқырман саны - 880

Оқулық - 26897

Көркем әдебиет - 30068

Қазақша - 24301

Орыс тілінде - 2692

Ағылшын тілінде - 3075

Кітап берілімі - 15840

Оқырманның келуі - 25870

Оқу әдебиеті қорымен жұмыс жоспары

Жұмыстың мазмұны

Орындалу мерзімі

Жауапты адамдар

Оқу әдебиеті қорымен жұмыс жоспары

1.

2025-2026 оқу жылына арналған оқулықтар мен оқу құралдарымен қамтылуына диагностика

Тамыз-қыркүйек

кітапханашылар

2.

Оқулықтарды қабылдау және оқушыларға беру. Оқу бағдарламасына сәйкес толық көлемде оқулық беруді қамтамасыз ету.

тамыз

кітапханашылар

3.

Қор жылжуына қорытынды жүргізу

желтоқсан

кітапханашылар

4

Қорға келіп түскен оқулықтар мен әдебиеттерді қабылдау және өңдеу: құжаттарын рәсімдеу, оларды есеп бөліміне өткізу, жиынтық есеп кітабына алу, жазу, мөртаңба қою.

Картотеканы рәсімдеу

Жыл бойы

кітапханашылар

5.

Оқу бағдарламаларының ескіруі мен ауысуын ескере отырып, оқулық қорын есептен шығару

Жылына 1 рет

кітапханашылар

6.

Сыныптар бойынша оқулықтар, ведомостар беру журналын жүргізу

Мамыр -қыркүйек

кітапханашылар

7

Оқулықтар тексеру. Рейд жүргізу

Тоқсан сайын

кітапханашылар

Көркем әдебиет қорымен жұмыс

1.

Кітапхана қорын есепке алу 5 жылда 1 рет түгендеуді қорытындылау. Есеп бөлімінің материалдық бөлімінде кітапхана қорын тексеру туралы актіні рәсімдеу

Жыл бойы

Есеп бөлімі, кітапханашылар

2

Кітапхана оқырмандарының ақпаратқа еркін қолжетімділігін қамтамасыз ету

Жыл бойы

кітапханашылар

3

Қорды сақтау бойынша жұмыс: оқырманның келтірілген залалды бекітілген тәртіпте өтеу бойынша шараларды қамтамасыз ету; борышкерлердің тізімін жасау; кітапхана қорын жүйелі сақтау мен физикалық сақталуы бойынша тиісті режимді қамтамасыз ету

   

4

Ескі көркем әдебиет пен рухани тұрғыдан ескірген әдебиетті есептен шығару

Жылына бір рет

кітапханашы

Оқырмандармен жұмыс

1

Оқырмандар формулярымен жұмыс

Жыл бойы

кітапханашылар

2

Қорға түскен жаңа әдебиеттер мен анықтамалық әдебиеттермен таныстыру. Ақпараттық күн өткізу

Жыл бойы

кітапханашылар

2

«Сенің сүйікті шығармаң» тақырыбы бойынша оқушыларға сауалнама жүргізу

Қаңтар -ақпан

кітапханашылар

3

«Кітап оқу жарысы» мектепшілік жобасы. Кітап оқу жарысы

Наурыз-сәуір

Тәрбие бөлімі, кітапханашылар

4.

Абонемент пен оқырмандар залында оқырмандарға қызмет көрсету.

Үнемі

кітапханашылар

 

Өтінімдер бойынша оқушылармен жұмыс

  

1.

Кітапхананың жұмыс кестесіне сәйкес оқушыларға қызмет көрсету

Үнемі

кітапханашылар

2.

Әр оқырманның жас ерекшелігіне сәйкес көркем әдебиет ұсыну

Үнемі

кітапханашылар

3.

Борышкерлерді анықтау мақсатында оқырмандар формулярын қарау нәтижелерін сынып кураторларына хабарлау. Жарты жылда бір рет үш жаңадан келген оқырмандармен кітап оқу мәдениеті туралы әңгімелесу өткізу. Кітапқа немесе оқулыққа келтірілген залал үшін жауаптылық туралы айту.

Үнемі

кітапханашылар

 

 

Іс-шараның атауы

Әдісі

қатысушылар

Уақыты

Аяқталу нысаны

Жауапты адамдар

1

Оқулықтармен қамту

Әр сыныпқа оқулықтарды жеткілікті таратып беру

5-11 640 оқушы

20-29 тамыз

Анықтама

кітапханашылар

2.

Тілдер күні және А. Байтұрсыновтың туғанына-153 жыл «Ұлт ұстазы-Ахмет»

Көрме үйымдастыру, шолу өткізу

7 сыныптар, 50 оқушы

05. 09. 25

Әлеуметтік желіге жариялау

Тәрбие бөлімі, кітапханашылар

4.

«Кітапханаға саяхат»

Мектепке жаңадан келген оқушыларды кітапханамен таныстыру

5,7,8 сыныптар

70 оқушы

8-9 қыркүйек

Әлеуметтік желігі салу

кітапханашылар

5.

«Менің сүйікті кітабым»

Каникул кезіндегі оқыған кітаптары туралы әңгімелеу

6-9 сыныптар

30 оқушы

18 қыркүйек

Анықтама және әлеуметтік желіге салу

Кураторлар, кітапханашылар

6.

«Оқуға құштар мектеп»жобасы «Балалар кітапханасы» бағдарламасы

«Бір ел-бір кітап» респ жобасы аясында жұмыстану «Тұлпардың тағдыры» атты талдау

Т. Әлімқұлов және Ж. Нәжімеденов шығармаларын оқып, талқылау.

9-10 сыныптар

60 оқушы

22-30 қыркүйек

Әлеуметтік желіге жариялау

Қазақ тілі мен әдебиет бірлестігі, кітапханашылар

7.

«Әдеби Ақжайық» облыстық жобасы аясында «Басына дарын да, бақта қонған»

Қайрат Жұмағалиевтің кітаптарын оқу, көрме жасақтау

8 а сыныбы 25 оқушы

25. 09. 25

Аяқталу нысаны

Әлеуметтік желіге жариялау

Кураторлар, кітапханашылар

8.

1-қазан Қарттар күні «Қариялар - қазына»

Кітап көрмесі, мерекенің мән мағынасын оқушыларға түсіндіру

Барлық оқушылар

01.10. 25

анықтама

Кітапханашылар, кураторлар

9.

«Әдеби Ақжайық» облыстық жобасы аясында «Жұбан жыры мәңгілік» поэзия кеші.

Ж. Молдағалиевтың 105 жылдығына поэзия кеші

Оқушылар, ата-ана, мұғалім

06,10. 25

Мектеп желісінде жариялау

Кітапханашылар, кітапхана активтері

10.

С. Сейфуллиннің 131 жылдығы «Сарқылмас дария - Сәкен аға»

Поэзия кеші

6-7 сыныптар

14. 10. 25

Анықтама

Кітапханашылар, кітапхана активі

9

Республика күніне байланысты шара «Менің елім - Қазақстан»

Балалар көзімен эссе жазу. 3 тілде

8-10 сыныптар арасында

20. 10. 25

Анықтама

Пән мұғалімдері, кітапханашылар

11.

«Оқырман отбасы» «Демалыста кітап оқимыз»

Отбасымен кітап оқу

Барлық сынып, ата -аналар

20-24.10 . 25

Әлеуметтік желіде жариялау

Кураторлар, тәрбие бөлімі, кітапханашылар

12.

«Менің үй кітапханамдағы кітаптар»

Ата-аналар мен кездесу

Әр сыныптан бір-бір ата

13. 11. 25

Әлеуметтік желіде жариялау

Тәрбие бөлімі, кураторлар, кітапханашылар

13.

«Оқуға құштар мектеп» және «Балалар кітапханасы» жобасы аясында

«Кітаппен өткен каникул қызықты» атты бейне жазба түсіру 3 минуттық

Барлық сыныптар

Каникул сайын

Әлеуметті кжеліде жариялау

Кураторлар, кітапханашылар

14.

Қазақстан Республикасының халықаралық валюта күні «Ұлттық теңге мақтаншымыз» атты шара

Ұлттық валютаның тарихы, жетістіктері мен ерекшеліктерін түсіндіру

5-7 сыныптар

60 оқушы

10-14 қараша

Анықтама

кітапханашылар

15.

«Таза кітап»

Оқулық тексеру рейд

5-11 сыныптар

Тоқсан сайын

Анықтама

кітапханашылар

16.

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Бір сынып – бір кітап» акциясы бойынша шаралар өткізу

Оқыған сюжеті бойынша көрністер қою, кино тусіру

5-11 сыныптар

17-21 қараша

Әлеуметтік желіде жариялау

Кураторлар, кітапханашылар

17.

Тәуелсіздік күнін атап өту.

34 жыл «Тәуелсіздік - тұғырым»

Кітап көрмесі. Векториналық сұрақтар

9 сыныптар 60 оқушы

12 желтоқсан

Анықтама

Кураторлар, кітапханашылар

18.

«Кітап - келешек көпірі»

Readx оқыған кітаптарын жарнамалау

5-7 сыныптар 80 оқушы

22. 11. 25

Әлеуметтік желіде

Тәрбие бөлімі, кітапхана активтері, кітапхана

19.

Жазушы Ғ. Мүсіреповке-125 жыл «Ұлпан» шығармасы бойынша оқырмандар конференциясы

Қазақ тағылымындағы әйелдер бейнесін ұлықтау

9-11 сынып балдары 60 оқушы 30 оқушы

27 желтоқсан

Анықтама жазу

Қазақ тілі мұғалімдері, кітапханашылар,кітапхана активтері

20.

14-ақпан Халықаралық кітап сыйлау күні «Шын жүректен кітап сыйла»

Челлендж

Интернетті тиімді пайдалану туралы қажетті кеңестер... тақырыбында қолдан жасалған кітапшалар сыйға тарту

Барлық сыныптар, ұжым мүшелері

9-13.02. 26

Әлеуметтік желіде жариялау

Тәрбие бөлімі, кітапханашылар, кітапхана активтері

21.

«Кітаппен сырласу»

Оқу залында кітаппен түскен кадрлар, коллаж фото

9-11 сыныптар

24. 02

Әлеуметтік желіде жариялау

Топ жетекшілері, кітапханашылар

22.

Ш. Уәлихановтың туғанына - 190 жыл «Мәңгі өшпес жарық жұлдыз»

Кітап көрмесі, өмірбаянына шолу, кеш өткізу

10 а сыныбы 25 оқушы

15 . 01. 26

Әлеуметтік желі

Кітапханашылар

23.

«Жыр алыбы - Жамбыл» - 180 жыл

Өлеңдерін жатқа айту

5-8 сынып, 50 оқушы

26-28 ақпан

Хаттама толтыру

кураторлар

24.

«Мен оқыған бір кітап»

ұжым арасында кітап оқып, жарнамалау

Наурыз

Мұғалімдер

Мен 100 адам

Әлеуметтік желі

Тәрбие бөлімі, кітапханашылар

25.

«Балалар кітапханасы» жобасы аясында

«Кітап оқу жарысы» айлығын жариялау

5-10 сыныптар

21наурыз-21 сәуір

Хаттама толтыру

Әкімшілік, кітапханашылар, кітапхана активтері

26.

1-наурыз Алғыс айту күнін атап өту. «Жүректегі жылы сезім»

Кітап көрмесі. Мерекенің мән –мағынасын

ерекшеліктерін оқушыларға насихаттау

5-7 сынып 90 оқушы

1-наурыз

Хаттама толтыру

Кітапханашылар, кураторлар

27.

22-Наурыз мерекесін атап өту. «Ата-салтым, қасиетті ұғым»

Ұмытылып қалған ескі салт-дәстүрді насихаттау, кітап көрмесі

7-8-9 сыныптар

120 оқушы

14-22 наурыз

Анықтама

кітапханашылар

28.

2 Сәуір Халықаралық балалар кітап күні «Біз таңдаған кітаптар»

«Досыңа кітап сат» оқыған кітаптарын жарнамалау

Барлық сыныптар

2-3 сәуір

Әлеуметтік желіде жариялау

Кураторлар, кітапханашылар, кітапхана активі

29.

23 сәуір Ұлттық кітап күні «Ұжыммен кітап оқимыз»

«Жаппай кітап оқу сағаты»

Ұжым болып кітап оқу

23 - сәуір

Әлеуметтік желі

Әкімшілік, тәрбие бөлімі, кітапханашылар

30.

22 сәуір Кітап оқу айлығын қортындылау «Жеңімпаздар анықтау»

Оқыған кітаптары бойынша тест тапсыру, жеңімпаздарды марапаттау

5-10 сыныптар

24 сәуір

Хаттама

Әкімшілік, ата-аналар комитеті, кітапханашылар

31.

«Оқырман отбасы» акциясы

«Бір отбасы-бір кітап» отбасымен кітап оқу. Бейне баян түсіру

Сынып ата-аналары

11-12 мамыр

Әлеуметтік желі

Тәрбие бөлімі, кураторлар, кітапхана активі, кітапханашылар

32.

1 Мамыр Халықтар достығы мерекесін атап өту. «Бірлігі жарасқан ел»

Кітап көрмесі

Барлық оқырмандар

29-30сәуір

Анықтама

Кітапханашылар

33.

7 - мамыр Отан қорғаушылар күні

«Ұранды елдің – ұрпағы қайсар»

Кітап көрмесі, Отан тақырыбында өлеңдер мен әндер айту. Әдеби кегш.

7 сыныптар

50 оқушы

6 мамыр

Хаттама

Кураторлар кітапханашылар

34.

9 - мамыр Жеңістің 81 жылдығын атап өту«Ерлік – елге мұра, ұрпаққа өнеге»

Әдеби кеш, кітап көрмесі

8 сыныптар 50 оқушы

8 мамыр

Анықтама

Кураторлар , кітапханашылар

35.

«Оқуға құштар» «Балалар кітапханасы» жобасы аясында

«Open Air» «Ашық аспан аясында» кітап оқу

Интернат тәрбиеленуші

лермен 100 оқушы

21 мамыр

Әлеуметтік желі

Тәрбиешілер, кітапханашылар

36.

«Кітап –білімнің қайнар көзі»

Оқулық жинау, жыртылған оқулықтарды жөндеу

Барлық сынып оқушылары

25-29 мамыр

Анықтама

Кураторлар, кітапханашылар

Мектеп кітапхана меңгерушісі: А. Е. Мурзашева

Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты

Батыс Қазақстан облысы

Орал қаласы, Мұхит көшесі 37

Қабылдау бөлімі 8 (7112) 24-03-10

Мектеп директоры Зулкашева Шынар Мулкайевна
8 (7112) 24-02-20

Интернат меңгерушісі Мурзабаева Айгерим Садыковна
8 (7112) 24-03-44