Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты

Мектеп шәкірттерінің киім үлгісі

МЕКТЕП ФОРМАСЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

АТА-АНАЛАР МЕН ЗАҢДЫ ӨКІЛДЕРДІҢ НАЗАРЫНА!

2025-2026 оқу жылында 5-11-сынып оқушыларының мектеп формасы «Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасы туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы №534 бұйрығының негізінде мектеп оқытудың зайырлы сипатына сәйкес.

МЕКТЕП ФОРМАСЫ - оқушыны тәртіпке шақыра отырып, әлеуметтік теңсіздік пен бәсекелестікті болдырмайтын, ата-аналар үшін қолжетімді классикалық киім үлгісі.

Осыған байланысты, оқушылардың білім беру ұйымдарына бекітілген мектеп формасының талаптарына сай келуі міндетті екенін назарларыңызға саламыз.

Аталған талаптар орындалмаған жағдайдс ата-сналарға (заңды өкілдерге) қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жауаптылық қарастырылғанын ескертеміз.

ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР!!!

2025-2026 оқу жылында бекітілген бірыңғай мектеп формасының классикалық үлгісі:

5-11 кластарда білім алушылар үшін:

•Міндетті мектеп формасы (түсі: қара)

Ұлдар үшін:

  • классикалық ақ  жейде;
  • пиджак, жилет;
  • кең тігілген шалбар, ұзындығы тобығын жауып тұру керек;
  • күрең-қызыл галстук;
  • туфли қара түсті;

Қыздар үшін:

  • классикалық ақ жейде(блузка);
  • пиджак;,жилет
  • Белдемше немесе қара сарафан;
  • ұзындығы: (тізеден 10 см төмен, матасы атлас емес),
  • күрен-қызыл галстук;
  • туфли, лоферы (қара түсті);
  • туфлидің тақасының биіктігі 3-4 см аспауы керек;

Дене шынықтыру сабағына:

  • 5-11 кластар
  • футболка (ақ түсті);
  • спорттық шалбар (қара түсті);
  • Спорттық аяқ киім (кроссовка)
Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты

Батыс Қазақстан облысы

Орал қаласы, Мұхит көшесі 37

Қабылдау бөлімі 8 (7112) 24-03-10

Мектеп директоры Зулкашева Шынар Мулкайевна
8 (7112) 24-02-20

Интернат меңгерушісі Мурзабаева Айгерим Садыковна
8 (7112) 24-03-44