Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты
Құрметті ата-аналар, оқушылар, әріптестер және қонақтар!
Сіздерді дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының ресми сайтына, директор блогына қош келдіңіздер деп шын жүректен құттықтаймын!
Біздің мектеп – білім мен ғылымға ұмтылған, ел болашағына өз үлесін қосуға дайын, талантты жас ұрпақты тәрбиелеуді басты мақсат еткен ұжым. Мұнда оқушылардың қабілетін барынша ашуға, озық білім алуға және жан-жақты дамуына барлық жағдай жасалған.
Бұл блог – біз үшін ата-аналармен, оқушылармен және білім беру саласының жанашырларымен ашық әрі шынайы байланыс орнатудың тиімді алаңы.
Осы бөлім арқылы сіздер өз сұрақтарыңызды қойып, пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңызды қалдыра аласыздар. Біз әрдайым кері байланысқа дайынбыз.
Мектебіміздің табысты дамуы – ортақ жауапкершілік пен сенімге негізделген серіктестік нәтижесі. Сол себепті сіздердің белсенді қатысуларыңыз, ой-пікірлеріңіз біз үшін аса маңызды.
Ізгі ниетпен,
Зулкашева Шынар Мулкайевна
Дарынды балаларға арналған арналған С.Сейфуллин атындағы
№11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының директоры
9-сыныпқа қабылдау қашан болады? 9- сыныптарға тамыз айында сыныптарда бос орын болса, хабарландыру шығарамыз.
Сәрсенбі, 14 Мамыр 2025
Сәлеметсізбе! 9-сыныпқа қабылдау қашан болады?
Жұма, 02 Мамыр 2025
Здравствуйте. Меня зовут Серик Бахытжан улы я директор ТОО "NoviCam Group" на портале государственных закупок мы являемся победителями по утилизации орг техники. Договор заключён. Контакты которые указаны в договоре не отвечают. (87112505911. +77112506273. +77112515155. +77112509696) все эти номера не отвечают. Как можно связаться с отделом госзакупок или завскладом ? Мой номер +77005005227. Свяжитесь со мной или напишите на What's app. Заранее благодарю.
Бейсенбі, 03 Сәуір 2025
2025-2026 оқу жылына,7-сыныпқа қабылдау уақыты қашан басталады?Қандай құжаттар керек?Қандай пән бойынша емтихан тапсырады? Рахмет
Жексенбі, 22 Желтоқсан 2024
«ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ АҚСҰҢҚАРЫ» АЙМАҚТЫҚ ФЕСТИВАЛІН ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ АҚПАРАТТЫҚ ХАТ Құрметті әріптестер! 2024 жылдың 18 қазан күні ақын, жазушы, қоғам қайраткері қазақ әдебиетінің ақсұңқары Сәкен Сейфуллиннің 130 жылдық мерейтойына орай жалпы білім беру мекемелерінің педагогтері мен білім алушылары арасында өтетін «Қазақ әдебиетінің ақсұңқары» аймақтық фестиваліне қатысуға шақырамыз. ФЕСТИВАЛЬ ЕРЕЖЕСІ І. Жалпы ереже 1.1. Осы ереже ақын, жазушы, қоғам қайраткері қазақ әдебиетінің ақсұңқары Сәкен Сейфуллиннің 130 жылдық мерейтойына орай жалпы білім беру мекемелерінің педагогтері мен оқушылары арасында өткізілетін «Қазақ әдебиетінің ақсұңқары» аймақтық фестивалінің міндеттерін, өткізу және қатысу, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтау тәртібін белгілейді. 1.2. Ұйымдастырушылар: - Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК; - Сәкен Сейфуллин атындағы №80 мектеп-гимназия» ШЖҚ МКК; - «Бірлескен мұражайлар дирекциясы» МКҚК Сәкен Сейфуллин мұражайы құрылымдық бөлімшесі. 1.3 . Мақсаты: Сәкен Сейфулиннің шығармашылығын, әдеби мол мұрасын жаңғырту, насихатта?
Бейсенбі, 26 Қыркүйек 2024