Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты

 

Құрметті ата-аналар, оқушылар, әріптестер және қонақтар!
Сіздерді дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының ресми сайтына, директор блогына қош келдіңіздер деп шын жүректен құттықтаймын!
Біздің мектеп – білім мен ғылымға ұмтылған, ел болашағына өз үлесін қосуға дайын, талантты жас ұрпақты тәрбиелеуді басты мақсат еткен ұжым. Мұнда оқушылардың қабілетін барынша ашуға, озық білім алуға және жан-жақты дамуына барлық жағдай жасалған.
Бұл блог – біз үшін ата-аналармен, оқушылармен және білім беру саласының жанашырларымен ашық әрі шынайы байланыс орнатудың тиімді алаңы.
Осы бөлім арқылы сіздер өз сұрақтарыңызды қойып, пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңызды қалдыра аласыздар. Біз әрдайым кері байланысқа дайынбыз.
Мектебіміздің табысты дамуы – ортақ жауапкершілік пен сенімге негізделген серіктестік нәтижесі. Сол себепті сіздердің белсенді қатысуларыңыз, ой-пікірлеріңіз біз үшін аса маңызды.

Ізгі ниетпен,
Зулкашева Шынар Мулкайевна
Дарынды балаларға арналған арналған С.Сейфуллин атындағы
№11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының директоры

Жазба қалдыру


Ернияз Кайыргалиев

Здравствуйте, я хочу обратиться по поводу старых архивных фотографий выпуска 2014 года. Я собираюсь собрать альбом, но никак не найду старых фотографий, может они остались в архиве? Или, возможно, Вы знаете к кому я могу обратиться?


Бейсенбі, 12 Мамыр 2022
11-мектеп

Құрметті Ернияз Нұржанұлы!

Мектеп директорының орынбасары Әлібек Талғатұлына хабарласуыңызға болады.
+7 (705) 796-72-47


Бейсенбі, 19 Мамыр 2022
Тамаш
А какие предметы надо сдавать для поступление в 10 класс? (Тест)

Сейсенбі, 08 Наурыз 2022
11-мектеп

Құрметті Тамаш!

"Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 маусымдағы № 264 бұйрығы бойынша 8-11-сыныптарда орын босаған жағдайда мамандандырылған білім беру ұйымы конкурстық іріктеуді дербес жүргізеді, бірақ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 217 жылғы 16 тамыздағы №611 бұйрығмен бекітілген білім беру нысандарына қойылатын санитарлық эпидемиологиялықс талаптарға сәйкес бекітілген оқушылар санынан аспайды. Осы қағидаға сүйене отырып 2022-2023 оқу жылындағы 10 сыныпқа оқушы қабылдау үшін сыныпта бос орын болған жағдайда конкурс жарияланады.


Бейсенбі, 19 Мамыр 2022
Бауыржан Мансур
Саламатсыз ба,10 сыныпқа қабылдау болады ма?

Сейсенбі, 15 Ақпан 2022
11-мектеп

Құрметті Бауыржан Мансур!

"Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 маусымдағы № 264 бұйрығы бойынша 8-11-сыныптарда орын босаған жағдайда мамандандырылған білім беру ұйымы конкурстық іріктеуді дербес жүргізеді, бірақ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 217 жылғы 16 тамыздағы №611 бұйрығмен бекітілген  білім беру нысандарына қойылатын санитарлық эпидемиологиялықс талаптарға сәйкес бекітілген оқушылар санынан аспайды. Осы қағидаға сүйене отырып 2022-2023 оқу жылындағы 10 сыныпқа оқушы қабылдау үшін сыныпта бос орын болған жағдайда конкурс жарияланады.


Бейсенбі, 24 Ақпан 2022
 
Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты

Батыс Қазақстан облысы

Орал қаласы, Мұхит көшесі 37

Қабылдау бөлімі 8 (7112) 24-03-10

Мектеп директоры Зулкашева Шынар Мулкайевна
8 (7112) 24-02-20

Интернат меңгерушісі Мурзабаева Айгерим Садыковна
8 (7112) 24-03-44