Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты

Құрметті ата-аналар, оқушылар, әріптестер және қонақтар!
Сіздерді дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының ресми сайтына, директор блогына қош келдіңіздер деп шын жүректен құттықтаймын!
Біздің мектеп – білім мен ғылымға ұмтылған, ел болашағына өз үлесін қосуға дайын, талантты жас ұрпақты тәрбиелеуді басты мақсат еткен ұжым. Мұнда оқушылардың қабілетін барынша ашуға, озық білім алуға және жан-жақты дамуына барлық жағдай жасалған.
Бұл блог – біз үшін ата-аналармен, оқушылармен және білім беру саласының жанашырларымен ашық әрі шынайы байланыс орнатудың тиімді алаңы.
Осы бөлім арқылы сіздер өз сұрақтарыңызды қойып, пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңызды қалдыра аласыздар. Біз әрдайым кері байланысқа дайынбыз.
Мектебіміздің табысты дамуы – ортақ жауапкершілік пен сенімге негізделген серіктестік нәтижесі. Сол себепті сіздердің белсенді қатысуларыңыз, ой-пікірлеріңіз біз үшін аса маңызды.
Ізгі ниетпен,
Зулкашева Шынар Мулкайевна
Дарынды балаларға арналған арналған С.Сейфуллин атындағы
№11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының директоры
Мектепке әр этажка су ішетін орын кою сураймын.Тек 1 этажда.Бала сабак барысында шөлдесе 3 этаждан 1 этажга шыгып су ішу керек
Жұма, 01 Желтоқсан 2023
Сәлеметсіздер ме! Мен 11 мектептің түлегімін. Бір жылдары біздің мектепте шетелдік ұстаз болған еді(ағылшын тілі пәнінің мұғалімі), қазір жоқ. Неге біздің мектепке қайтадан соны жандандырмасқа? Немесе оны қосымша speaking time яғни оқушыларға бір тақырыпта әңгіме қозғауға арналған сабақ қоспасқа? Сол арқылы оқушылар өздерінің ағылшынға тілін жаттықтыра алады. Кейбір мақалаларды оқып көрдім, және де өмірде шетелдік мұғалімнің сабағына барған кездерім болды. Тіл керемет жаттығады, әртүрлі тақырыптарды қозғауға болады, жаңа сөздерді жаттайсың…Жәй ғана шетелдік мұғалімнен кезіндегі репер шығады деп ойламайсыңғо….
Сейсенбі, 08 Қараша 2022
Салеметсиздер ме? Менин кызым Бакытжанова Зарина осы мектепке 8 сынып химия- биология багыты бойынша емтихан тапсырган еди. 05.08.2022ж. Кызым емтихан алды оте жаксы дайындалды, уайымдап та журдик. Ойткени кызымнын арманы осы мектепте уздик окып, улкен маман иеси атану еди. Мине бугин Аллахтын калауымен кызым емтиханын ойдагыдай аяктап, окуга тусти деген малиметти кордик. Емтихан оте адил отти. Типти окушыларга бир - бирине сойлеуге тиым салынган. Аудиториядан шыгарып жиберемиз деп ескерту жариялаган. Улкен рахмет. Осындай мектепке карапайым казактын ул-кыздары окуга кабылдана берсин. Болашагы зор мектеп. Куаныштымыз емтиханнын адил откендигине. Мектеп ужымына жане де осындай улкен коллективти баскарып отырган мектеп басшысына отбасымыздын атынан алгыс айтамын.
Сенбі, 06 Тамыз 2022
Бүгінгі болған емтиханнан 8 сынып бойынша ұлым Ғиният Темірлан физика математика бағыты бойынша тесттен өтті. Қуаныштымын.
Жұма, 05 Тамыз 2022
Сәлеметсіз бе?! Мен "мың бала" байқауынан жеңімпаз болып қалағы өзі қалаған мектеп лицейіне оқуға мүмкіндік алған бала Сағынгерей Исламның анасымын...Бізге мектептен құжат қолымызға беріп , Дарынды балаларға арналған мектеп- интернатына бару ұсынылды. Келсек документ тек электронды түрде және тек 2 оқушы ғана тапсыра алатынын айтып отыр. Сонда менің балам аз қамтылған отбасынан шығып жеңімпаз болса да еш мүмкіндігі жоқ па?! Мен қандай жерге барып, барып кімнің көмегіне жүгіне аламын
Бейсенбі, 26 Мамыр 2022
11-мектеп