«Іntellectual capital» жобасы
І. Жобаның төлқұжаты
Жобаның аталуы |
«Іntellectual capital» жобасы |
Қатысушылар |
- Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының оқушылары мен педагогтері.
|
Жобаның мақсаты |
- Заман талабына сай бәсекеге қабілетті, білімді, іскер,ойлау жүйесі дамыған, логикалық тұжырым жасауға бейім, еркін ойлай алатын, мақсатқа жету үшін еңбектене білетін жеке тұлғаны қалыптастыру. - Әрбір оқушының интеллектуалдық, рухани және шығармашылық мүмкіншілігін жүзеге асыру, жағымды жағдай жасау, оқушылардың дарындылығын дамыту; - Оқушыларды жан-жақты дарынды, сауатты, озық болуға, алған білімдерін тиянақтау, ізденуге талпынысын арттыру; - Ой өрісін, білімге деген қызығушылықтарын дамыту, алған білімдерін дұрыс қолдана білу дағдысын және өз бетінше ойлау қабілетін дамытуға, оқу-білімге, еркін, ойын жүйелі жинақтап сөйлеуге және алғырлыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу. |
Жобаның міндеттері |
- Интеллектуалды шаралар ұйымдастыру арқылы дарынды оқушыларды анықтау, - Мектептің дарынды оқушыларынан бәсекелестік орта қалыптастыру; - Оқушылардың ақыл-ой қабілетін жетілдіріп, шығармашылық дарындылығын, интеллектуалды құзыреттіліктерін дамытуға жағдай жасау; - Интеллектуалды шаралар ұйымдастыруда жаңа идеяларды жинақтау. |
Жобаның түйіні |
Интеллектуалды дамыған құзыретті тұлға қалыптастыру |
Күтілетін нәтиже |
- дарынды оқушылар арасында бәсекелестік орта қалыптасады; - оқушылардың олимпиада, байқауларға қатысу деңгейі және оның нәтижесі өседі; - оқушылардың өз тілінде жатық сөйлеуге,кез-келген ортада қарым-қатынасқа түсе алуға даярланады; - ойын анық, дәл, шешен тілмен жеткізеді; - логикалық ойлау қабілеті дамиды; - жағдаяттардан жол тауып шыға алады; - интеллектуалды шаралар базасы құрылады.
|