Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты

Орал өңірі газетінің тілшісі Гүлжамал Жолдығалиқызымен кездесу ұйымдастырылды

2025 жыл, 14 наруызда «Бір тұтас тәрбие» және «Балалар кітапханасы» бадарламаларын үндестіру мақсатында «Наурызнама» онкүндігі негізінде білім беру ұйымдарының оқушыларымен «Автормен диалог» тақырыбында жергілікті ақындар-жазушылармен шығармашылық кездесу өткізу мақсатында Дарынды балаларға арналған С. Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернат кітапханасында жергілікті Орал өңірі газетінің тілшісі Гүлжамал Жолдығалиқызымен кездесу ұйымдастырылды. 

Кездесу Коворкинг орталығында өтті. «Өлкені қаламмен өрнектеген» атты журналистің өмір баяны мен шығармашылығынан слайд көрсетілді. Гүлжамал Жолдығалиқызы өз кезегінде оқушыларға бүгінгі Амал мерекесі турал түсінік бере отырып, өзінің журналистика саласына қалай келгендігі туралы қызықты әңгімелеп берді. Оқушыларға барлық білім кітапта, кітап оқыған адам өмірде көп жетістікке жететінін баса айтып отырды. Кездесу өте әсерлі өтті. Соңында, кітапхана меңгерушісі А. Мурзашева журналистке рахметін айтып, гүл шоқтары мен сыйлық ұсынды. Кездесуге мектеп оқушылары мен тәрбиешілер, тәрбие бөлімі меңгерушісі Г. Суханова қатысып, келген қонаққа алғысын айтты.

Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты

Батыс Қазақстан облысы

Орал қаласы, Мұхит көшесі 37

Қабылдау бөлімі 24-03-10

Мектеп директоры Зулкашева Шынар Мулкайевна 24-02-20

Интернат меңгерушісі Карасаева Камшат Кайргалиевна 24-03-44