Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты

«Білімділер сайысы» өтті

21 сәуір Ұлттық кітап күніне орай, мектеп кітапханасында 7 сыныптар арасында мектепшілік «Білімділер сайысы» өтті. Сайысқа қатысқан 4 команда өзінің сәлемдемесі мен эмблемасымен таныстырудан бастады. Сайыс 4 кезеңнен тұрды. 1-кезең «Кім тапқыр?»  экранда әртүрлі саладан 5 сұрақ тұрды. 2-кезең «Аяқталмаған мақал-мәтел», 3- кезең «Кім көп біледі» Шешендік сөздердің авторын табу. 4- кезең «Жасырын кітап»  кітаптан үзінді беріп, авторын, кітаптың атын табу. Жарыс қортындысы бойынша әділ қазылардың шешімімен 1- орынды 7г сыныбы «Бірлік» тобы, 2- орынды 7 а сыныбы «Ойқыран» тобы, 3- орынды, 7б сыныбы «Сұңқар» тобы жеңіп алды. Жеңімпаздар дипломдармен марапатталды. Сайысқа Облыстық әдістемелік орталығының кітапхана қоры бойынша әдіскері Анаргүл Галиасқарқыз қатысты.

Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты

Батыс Қазақстан облысы

Орал қаласы, Мұхит көшесі 37

Қабылдау бөлімі 24-03-10

Мектеп директоры Зулкашева Шынар Мулкайевна 24-02-20

Интернат меңгерушісі Карасаева Камшат Кайргалиевна 24-03-44