ОҚЫРМАН ОТБАСЫ – 2025
2-11 мамыр аралығында мектебіміздің кітапханасында Халықаралық отбасы күніне орай «Оқырман отбасы» байқауы өтті.
???? Онлайн форматта өткен бұл ерекше байқауға барлығы 10 жанұя қатысты. Әр отбасы көркем әдебиетке деген сүйіспеншілігін, кітап оқуға деген ынтасын көрсетіп, нағыз оқырман мәдениетінің үлгісін танытты.
Байқау мақсаты:
Оқушыларды кітап оқуға баулу, көркем әдебиет арқылы сөздік қорын байыту, сөйлеу мәдениетін дамыту, отбасылық шығармашылықты қолдау.
ЖЕҢІМПАЗДАР:
???? 1-орын – Ищановтар отбасы;
???? 2-орын – Мулкамановтар жанұясы;
???? 3-орын – Қазиевтер отбасы.
Ищановтар жанұясы облыстық кезеңге жолдама алып, енді мектебіміздің намысын қорғайтын болады!
Қалған қатысушыларға да алғыс хаттар табысталып, оқуға деген сүйіспеншілігі үшін ерекше алғыс білдірілді.
Кітап – отбасы мәдениетінің діңгегі, ал кітап оқитын жанұя – тәрбиелі ұрпақтың кепілі!
#ОқырманОтбасы2025 #КітапОқимыз #БіргеОқимыз #ОтбасыКүні #МектепЖаңалығы