Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты

Кәсіби қоғамдар

Мектептегі кәсіби қоғамдастық: «FLAME»

«Өзің лаула, өзгені жандыр»

Мақсаты: білім мен тәрбие құндылықтарын жоғары бағалайтын жаңашыл педагогтердің кәсіби білімдерін дамыта отырып,  өзара тәжірибе алмасып, дамуына жағдай жасау

Жұмыс жасау қағидаттары:  сенімділік,  жауапкершілік,  өзара қолдау, барлық мәселелерді бірлесіп шешу

Шығармашылық  топтар:

  1. «Lesson study» шығармашылық тобы (жетекшісі Ш.Уйсимбаева)
  2. «CLIL» шығармашылық тобы (жетекшісі А.Базарбаева)
  3. «EХPERT» (жетекші Р.Сериккалиева)
  4. «Ізденіс» (жетекші Г.Хайрекеева)
  5. «Дарын зергерлері» (жетекші Э.Казиханова)
  6. «Педагогикалық рефлексия» (жетекші А.Ибрагимова)

 

«Lesson study» шығармашылық тобы (жетекшісі Ш.Уйсимбаева)

Топтың мақсаты: мұғалімнің кәсіби мүмкіндіктерін жетілдіруге бағытталған іс-шаралар, «сабақты зерттеу» жұмыстарын үйлесімді әрі тиімді ұйымдастыру.

Топтың міндеті: мұғалімдер бірлесіп жұмыс жасайды, сабақтарды бірге жоспарлайды, бір-бірінің сабақтарына қатысады және сабақ нәтижелерін бірге талдайды.

Күтілетін нәтиже: оқыту барысындағы проблемаларды шешу жолдарын қарастырады, мұғалімдер бірлесіп, ортақ проблеманы анықтап, білім сапасын арттыруда біріккен жұмыстарын жүргізеді.

 

«CLIL» шығармашылық тобы (жетекшісі А.Базарбаева)

Топтың мақсаты: Пәндік-тілдік  кіріктірілген оқыту әдістемесі негізінде оқыту тәжірибесін жетілдіру.

Топтың міндеті: қатысушылардың тілдік құзыреттілігін арттыру, CLIL  әдісі бойынша ағылшын тілінде жүргізу метапәндік байланыстарды қамтамасыз ету және жаңа білім беру стандарты принциптерін дамыту.

Күтілетін нәтиже: тіл мен пәнді  қатар  оқытуды жүзеге асырады, оқытудың  жаңа әдіс-тәсілдерін игереді. Оқушыларға тілдік қарым-қатынас қажеттілігі мен мүмкіндіктерін пайдалану арқылы  ана тілінде ойлануға  жағдай жасалады.

  

 «EХPERT» шығармашылық тобы (жетекші Р.Сериккалиева)

Топтың мақсаты: жаңартылған білім беру мазмұнына сай критериалды бағалауды жүзеге асыруды ұйымдастыру, бөлім және тоқсан  бойынша жұмыстарын талапқа сай әзірлеу және сараптау.

Топтың міндеті: критериалды бағалауды жүзеге асыру жолдарын айқындау, сапалы нәтиже алуға бағытталған критерийлер әзірлеу, қалыптастырушы бағалаудың түрлі тәсілдері мен құралдарын қолдануды үйрету.

Күтілетін нәтиже: бағалау оқу бағдарламасындағы мақсаттар мен міндеттер, күтілетін нәтижелермен тікелей байланысты  оқытудың ажырамас бір бөлігі екендігін мұғалімдермен талқылап, білім алушының жеке қасиеттарі емес, оқу іс-әрекетінің нәтижелері бағаланатынын түсінеді.

 

«Ізденіс» шығармашылық тобы (жетекші Г.Хайрекеева)

Топтың мақсаты: оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін жетілдіру, жаңа педагогикалық технологияларды меңгеру. 

Топтың міндеті: түрлі заманауи әдіс-тәсілдермен мұғалімдердің педагогикалық қоржындарын толықтыру, үйрете отырып, үйрену, өзін-өзі жетілдіру қасиеттерін,

көшбасшылық қабілеттерін дамыту.

Күтілетін нәтиже: инновациялық әдіс-тәсілдер мен технологияларды оқу үдерісіне тиімді әрі нәтижелі енгізу арқылы оқушылардың қызығушылығы артады, танымдық белсенділіктері дамиды.

Өту мерзімі: тоқсанға екі рет

 

«Дарын зергерлері» шығармашылық тобы (жетекші Э.Казиханова)

Топтың мақсаты: оқушыларды пәндік олимпиада мен ғылыми зерттеуге дайындалу жолдары мен іздену әдістерін жетілдіру.

Топтың міндеті: зертеушілік жұмыс дағдыларын қалыптастыруға және өз интелектісін дамытуға талпынған оқушыларға  жетекшілік жасайтын педагогтерге әдістемелік, педагогикалық көмек көрсету, бағыт беру, ғылыми ізденудің әдістерін оқыту, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Күтілетін нәтиже: дарынды оқушылардың бәсекеге қабілеттілігі артады,  оқушылардың интеллектісі дамып, ғылыми зерттеуге қызығушылығы қалыптасады.

 

«Педагогикалық рефлексия» шығармашылық тобы (жетекші А.Ибрагимова)

Топтың мақсаты: мектептегі педагогикалық әрекеттердің нәтижелілігін бақылау, қолданған әдіс-тәсілдер мен құралдардың  «тиімді» не «тиімсіз» болғанын байқап, өзіндік көзқарасын білдіру, орындалып өткен іс-әрекеттің нәтижесін зерттеу. Мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігінің қалыптасуына,өз тәжірибесін және өзгерістердің тиімділігін байқай алатын рефлексиялаушы-практик қалыптастыру.

Топтың міндеті: түрлі заманауи әдіс-тәсілдермен қаруланған ұстаздардың рефлексиялық дағдыларын жетілдіру, өз тәжірибесіне сыни көзбен қарау, өз тәжірибесін ұдайы талдау, өзін-өзі реттеуге дағдылану, өзін-өзі басқару, өзін-өзі басқару, өзін-өзі жетілдіру секілді қасиеттерін дамыту.

Күтілетін нәтиже: рефлексиялық дағдыны жетілдіру арқылы, өзінің кәсіби дамуында күш-қуат пен ынтасының артқанын байқайды.Рефлекия –жақсы өмір сүрудің, өзіңді танудың тиімді жолы екенін ұғынады және өмірлік қағида ретінде ұстануға болатынын түсінеді.

Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты

Батыс Қазақстан облысы

Орал қаласы, Мұхит көшесі 37

Жұмыс телефоны: 50-62-73, факс: 50-62-73