Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты

Мектептің әдістемелік тақырыбы

Мектептің әдістемелік тақырыбы:  «Нәтижеге бағытталаған, құндылықтарға негізделген оқу-тәрбие үрдісінде  педагогтердің үздіксіз кәсіби дамуын жетілдіру арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын қалыптастыру»

Әдістемелік тақырыппен жұмыстану уақыты: бірінші жыл

Мектептегі ғылыми-әдістемелік қызметтің  мақсаты: педагогтерге оқушыларды  құндылықтарға негізделген  құзіреттілікке бағыттап,   оқыту мен тәрбиелеуде, оларды шығармашылық әрекетке баулуда білім беру саласындағы жаңалықтарды, озық педагогикалық тәжірибені  зерттеп, жинақтап, таратуда, кәсіби біліктілігі мен теориялық білім деңгейін көтеру ісінде нақты ғылыми-әдістемелік көмек көрсету

Мектептегі ғылыми-әдістемелік жұмыстардың негізгі міндеттері:

  • Мектептің педагогикалық ұжымы іс-әрекетінің жаңашылдық бағыттылығын қалыптастыру.
  • Мұғалімдердің теориялық және педагогикалық –психологиялық даярлық деңгейін көтеру;
  • Оқыту мен тәрбиені ұйымдастырудың жаңа формаларын, әдістерін педагогикалық технологиялармен байыту;
  • Мұғалімдерді педагогикалық бағыттағы шығармашылық ізденіске тарту;
  • Мұғалімдерге педагогикалық білімін өз бетінше көтеру жолдарын үйрету;
  • Өз білімін көтеру, кәсіби шеберлігін арттыру жолдарын анықтау;
  • Педагог қызметін ғылыми-әдістемелік тұрғыдан талдау, бағалауда көмек көрсету;
  • Озық іс-тәжірибелерді облыстық, республикалық деңгейде тарату;
  • Мұғалімдер мен оқушыларды ғылыми-зерттеушілік, шығармашылық жұмыстарға баулу.

 

Күтілетін нәтижелер:

  • Кәсіби құзыретті педагогтер арқылы  жоғары сапаға  қол жеткізу;
  • Білім беру ортасының қоғамның жоғары сұранысына бейімделуі.

 

Әдістемелік тақырыптың жүзеге асу кезеңдері:

2020-2021

Теориялық іздену кезеңі (педагогтердің кәсіби дамуының теориялық үлгісін жасау)

2021-2022

Тәжірибелік кезең  

Теориялық іздену кезеңі (педагогтердің кәсіби дамуының теориялық үлгісін тәжірибеге енгізу)                                                                                                                           

2022-2023

Тәжірибелік кезең  

Педагогтердің кәсіби біліктілігін көтерудің теориялық үлгісін тәжірибемен ұштастыру, нәтижеге бағытталған педагогтердің кәсіби даму шараларын ұйымдастыру

2023-2024

Бақылау кезеңі

Педагогтердің даму деңгейін анықтау сауалнамасы, мониторинг

2024-2025

Қорытынды кезең

Кәсіби құзырлы маман-жоғары сапа

Әдістемелік тақырып бойынша іс-тәжірибелер тарату

 

2021-2022 оқу жылына арналған оқу-әдістемелік  іс-шаралардың жылдық циклограммасы

Іс- шараның атауы

Өту мерзімі

Жауапты координатор

1

Әдістемелік кеңес отырысы

 екі айда бір рет

Магзумова З.Т.

2

Педагог қызметкерлерді аттестаттау комиссиясының отырысы 

жылына 2 рет

Магзумова З.Т.

3

«Жігер» жас  мамандар мектебінің отырысы

тоқсанға 2 рет

Имашева Д.И.

4

«Болашақ» олимпиадалық резерв мектебі

кестеге сай

 

5

«Зияткер» оқушылардың ғылыми қоғамының отырысы

айына 1 рет

(топтық, жеке түрде)

 

Казиханова Э.Б.

6

«Педагогикалық шеберлік алаңы» жобасы

әр айдың төртінші сенбісі

Магзумова З.Т.

7

«Шабыт.Тәжірибе. Идея»

әр пәндік апталықтың соңғы күні

Бірлестік жетекшілері

8

«Тең -теңімен»

тоқсанға 1 рет

Бірлестік жетекшілері

9

«Digital Life» жобасы  

екі айда бір рет

Бакаев А.Т.

10

«Біз біргеміз»  жобасы (психологиялық тренинг, тембилдинг, спорттық жарыстар, )

екі айда бір рет

Кадырова Н.М.

Убишев Ы.К.

11

«ENGLISH BY HEART» тілдік құзыреттілік курсы

әр айдың бірінші, үшінші сейсенбісі

Уразалина М.Е.

12

«CLIL» қауымдастығы

айына екі рет (дүйсенбі, сәрсенбі)

Базарбаева А.Ш.

13

«REАD x» мұғалімдер арасында

тоқсанға 1 рет

Мурзашева А.Е.

14

«Mentoring» жобасы (жас мамандар мен жаңадан келген мұғалімдерге арналған кездесулер )

тоқсанға 2 рет

Имашева Д.И.

15

«Тиімді тьюторлық»  жобасы

2 аптада 1 рет

Биманова М.

16

«Іntellectual  capital»  жобасы

 ай сайын

Биманова М.

17

«EDUMETHCARE» жобасы

тоқсанға 1 рет

Магзумова З.Т.

 

 

Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты

Батыс Қазақстан облысы

Орал қаласы, Мұхит көшесі 37

Жұмыс телефоны: 50-62-73, факс: 50-62-73