Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты
«Педагогикалық шеберлік алаңы» ЖОБАСЫ
Жоба төлқұжаты
Жоба атауы |
«ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК АЛАҢЫ» жобасы |
Жобаға қатысушылар |
· Мектептің тәжірибелі педагог-шебер, педагог-зерттеуші санатындағы ұстаздары; · Оқытуда кәсіби жетістіктерге жетіп жүрген педагогтер;
|
Жоба мақсаты |
· Мектеп педагогтерінің кәсіби өсуі мен педагогикалық шеберлігін арттыру, педагогтердің жан-жақты біліктілігін, құзыреттілігін, дүниетаным көзқарасын кеңейту; · Тәжірибелі ұстаздардың көшбасшылық қабілетін жетілдіру; · Мұғалімдерді ынталандыру, уәждеме беру; · Өзара тәжірибе алмасу арқылы жаңашылдыққа серпін беру. |
Жобаның негізгі міндеттері |
· Педагогикалық қызметке деген қызығушылығын, жауапкершілігін арттыру; · Педагогикалық шеберліктерін шыңдау; |
Жобаны жүзеге асыру кезеңдері мен уақыттары |
әр айдың төртінші сенбісі |
Жобадан күтілетін нәтиже |
- Тәжірибе алмасу; - Шығармашылық жұмыс; - Өзара әріптестік, серіктестік, ынтымақтастық, кәсіби бәсекелестік; - Оқытудағы әдіс-тәсілдер, технологиялар. |
- Ақпараттық анықтама.
«ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК АЛАҢЫ» (әрі қарай-жоба) жобасы әр айдың төртінші сенбісінде жүзеге асырылады.
- Жобаның негізгі мазмұны.
Қазіргі оқытудың жаңаша технологиясын меңгерудің өзі ұстаздан шығармашылықты талап етеді. Ал шығармашылықпен жұмыс жасау үшін мұғалім өзінің кәсіби біліктілігін арттырып отыруы қажет. Біліктілігін арттырушы мұғалім өзінің білімін, жалпы дүниетанымын кәсіби және әдіснамалық деңгейін жоғарлатады, психологиялық – педагогикалық сонымен қатар әдістемелік сауаттылығын жетілдіреді. Ең бастысы бұл білімдер мен білік дағдыларды құзырлылық ұстанымдарының талаптарына сәйкес өздерінің меңгеруі және сол жолдар арқылы өздерінің ойлау жүйесін, шығармашылығын, өнертапқыштығын, рефлексиялық машығының дамуына жол ашады. Әрбір мұғалімнің кәсіби шеберлік сапасына қойылатын талап немесе кәсіби теориялық білімі мен практикалық біліктілігі –құзыреттілік пен кәсіби шеберлігінің сапасы ретінде қаралады.
Жоба жұмысы толық 1 күнге жоспарланады. Мектепте жоба жұмысы жоспарланған күн сол тәжірибелі ұстазға арналады. Жоба мақсатына сәйкес мектебіміздің тәжірибелі ұстаздары биік нәтижеге қол жеткізудегі шығармашылық шеберліктерімен, оқытуды ұйымдастырудың тиімді жолдарымен, жаңа әдіс-тәсілдерімен бөліседі. Ұйымдастыру формалары тәжірибелі ұстаздың қалауына қарай жүзеге асады.
Жоба аясында ұстаздың оқушылары, әріптестері, ата-аналар тәжірибелі ұстаз туралы өз ойларымен бөліседі.
Шектеу шаралары, оның ішінде карантин және қашықтықтан оқыту нысанында оқыту кезінде тәжірибелі ұстаз өз педагогикалық шеберлігін, шығармашылық жетістіктерін баяндайтын, оқушылар, әріптестер, ата-аналардың қатысуымен бейнебаян дайындайды (10 мин).
- Жобаны жүзеге асырудың бағыттары мен жұмыстың формалары
- Көрме;
- Шебер-сыныптар;
- Бейнебаян;
- Сұхбат;
- TEDх;
- т.б
«Педагогикалық шеберлік алаңы» жобасы аясында
педагог-шебер мұғалімдердің шығармашылық күндерінің кестесі
№ |
Мұғалімдердің аты-жөні |
Мерзімі |
1 |
Байжиенова Агерке Орыновна |
31.10.2020 |
2 |
Темиралиева Аяжан Джигеровна |
28.11.2020 |
3 |
Имашева Динара Иманбаевна |
26.12.2020 |
4 |
Шманова Нуржамал Ораловна |
30.01.2021 |
5 |
Әлмұқан Асқар Сатыбайұлы |
27.02.2021 |
6 |
Ибрагимова Акмарал Жарасовна |
27.03.2021 |
7 |
Атош Гүлнар Садыққызы |
24.04.2021 |
8 |
Мыңбаев Аянбек Әділгерейұлы |
22.05.2021 |