Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 2023-2024 оқу жылына арналған
«Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер қозғалысын жаңғырту және дамыту бойынша
2023-2024 оқу жылына арналған
ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ
Мақсаты: ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға сәйкес рухани дүниесі кең тұлғаны қалыптастыру, балалар мен жасөспірімдерді қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу мақсатында республика бойынша барлық өңірлерде «Жас Ұлан» ұйымының жұмысын жандандыру.
Міндеттері:
- жасұландықтардың қоғамдық белсенділіктерін дамыту;
- оқушылардың танымдық қоршаған ортаға деген қызығушылықтарын арттыру;
- оқушыларды қоғамдық пайдалы шараларға тарту;
«Жас Ұлан» ұйымы қызметінің бағыттары:
1. Отан – елін, жерін құндылықтарын сүю, қазақстандық париотизм рухын қалыптастыру бағыты;
2. Зерде – интеллектуалдық даму, зерделі түрде алдына мақсат қоя білу, оған жете білу, жобалар жасап, жүзеге асыруға жетелеу бағыты;
3. Руханият – оқушыларды жоғары рухани-адамгершілік құндылықтар, гуманистік көркем-эстетикалық қасиеттерге тәрбиелеу, волонтерлік қызметті дамыту бағыты;
4. Салауат – салауатты өмір салтын ұстануға, спортпен шұғылдануға бағыт беру, денешынықтыру мәдениеті мен психикалық денсаулығын қалыптастыру бағыты;
5. Еңбек – мектеп қабырғасынан кәсіби мамандыққа бағдар беру, кәсіби үйірмелерде жұмысқа тарту, еңбекке деген құрметті сіңіру бағыты;
6. Экоәлем – қоршаған ортаны аялауға, жан-жануарларға қорған болуға, экологияны жақсартуға бағытталған жобалар жасауға баулитын бағыт;
7. Жеті жарғы – құқықтық мәдениетті қалыптастыру, жас азаматтарға өздерінің құқықтары мен міндеттерін түсіндіруге арналған бағыт.
№ |
Іс-шара |
Қысқаша сипаттамасы |
Жүзеге асыру мерзімі |
Бағыт |
Жауапты |
1 |
«Жас Ұлан» бөлмелері немесе «Жас Ұлан» бұрыштарын жасақтау |
Мектептерде «Жас Ұлан» бөлмелері немесе «Жас Ұлан» бұрыштарын жыл басында жасақтау. |
қыркүйек |
Педагог-ұйымдастырушы, «Жас Ұлан» ұйымы |
|
2 |
«Жас Ұлан»балалар мен жасөспірімдер қозғалысын жаңғырту және дамыту бойыншажұмыс жоспарын құру |
«Жас Ұлан» қозғалысы қызметінің 7 бағытын ескере отырып, алдағы оқу жылына арналған мектепішілік жоспарын құру. |
қыркүйек |
Тәрбие бөлімі, педагог-ұйымдастырушы |
|
4 |
Мектепте Ұланбасы сайлауы, «Жас Ұлан» мектеп комитетін қалыптастыру |
Мектепте Ұланбасы сайлауын ұйымдастыру және өткізу, «Жас Ұлан» мектеп комитетін қалыптастыру. |
1-20 қазан |
Тәрбие бөлімі, педагог-ұйымдастырушы |
|
«Жас Қыран», «Жас Ұлан» қозғалысының қатарына қабылдау рәсіміне дайындық. Ұйымның атрибутикасын тапсырыс беру (төсбелгі, галстук) |
«Жас Қыран», «Жас Ұлан» қатарына оқушыларды қабылдау рәсіміне дайындық. |
1-25 қазан |
Зерде |
Тәрбие бөлімі, педагог-ұйымдастырушы |
|
5 |
«Жас Ұлан»балалар мен жасөспірімдер қозғалысының қатарына жаңа мүшелерді қабылдау |
«Жас Ұлан» қозғалысының қатарына жаңа мүшелер 1-11 – сынып оқушыларын салтанатты түрде қабылдау. |
1-25 қазан |
Тәрбие бөлімі, педагог-ұйымдастырушы |
|
6 |
Ай сайын есеп тапсыру |
Жоспар бойынша ай сайын өткізілген шаралар туралы мәлімет, фотоларын жинақтап, «Дарын» қосымша білім орталығының @Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. поштасына есеп жіберу. |
ай сайын |
Тәрбие бөлімі, педагог-ұйымдастырушы |
|
7 |
«Дублер» күні |
Мұғалімдер күніне орай барлық мектептерде «Дублер» күнін өткізу. |
5 қазан |
Зерде |
Тәрбие бөлімі, педагог-ұйымдастырушы, «Жас Ұлан» ұйымы |
8 |
Тәуелсіздік күніне орай интеллектуалдық ойын |
Тәуелсіздік күніне орай ұстаз бен оқушы сайысын ұйымдастыру. |
желтоқсан |
Зерде |
Педагог-ұйымдастырушы, «Жас Ұлан» ұйымы |
9 |
Ted Talks форматындағы танымал тұлғалармен кездесулер |
Ашық диалог алаңын құру арқылы өңірде танымал азаматтармен ай сайынғы кездесулерді ұйымдастыру. Сондай-ақ ұйымның ресми Instagram парақшасында тікелей эфирлер жүргізу |
Жыл бойы |
Зерде |
Тәрбие бөлімі, педагог-ұйымдастырушы, «Жас Ұлан» ұйымы |
9 |
«Татулық тұтқасы – бірліктің бесігі» тимбилдинг минуттары |
Топ құру, көшбасшылықты, белсенділікті ашуға бағытталған тренинг ойындарын өткізу. |
қаңтар |
Зерде |
Тәрбие бөлімі, «Жас Ұлан» |
10 |
«Мектеп парламентінің көшбасшылары», «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер қозғалысының республикалық кездесу |
«Мектеп парламентінің көшбасшылары», «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер қозғалысының мүшелерімен кездесуге қатысу. |
ақпан |
Зерде |
«Мектеп парламенті» «Жас Ұлан», педагог-ұйымдастырушы, |
11 |
«Ұланбасы - 2023» облыстық байқауы |
Облыс деңгейінде үздік ұланбасы байқауына дайындық, қатысу. |
сәуір |
Зерде |
Тәрбие бөлімі, педагог-ұйымдастырушы, «Жас Ұлан» |
12 |
«Үздік жыл тәлімгері – 2023» облыстық байқауы |
Тәлімгерлердің шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған байқауға дайындық, қатысу |
наурыз |
Зерде |
Тәрбие бөлімі, педагог-ұйымдастырушы |
13 |
«Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер қозғалысы мүшелері мен «мектеп парламент» өзін-өзі басқару ұйымының көшбасшыларымен «Ұланымыз ұлы елдің» атты облыстық жас көшбасшылар слеті |
«Жас Ұлан» БЖ қозғалысының белсенді мүшелерімен бас қосуға дайындық, қатысу. |
мамыр |
Зерде |
Тәрбие бөлімі, педагог-ұйымдастырушы |
14 |
«Айтар алғысым шексіз» видеорепортаж |
1 наурыз – «Алғыс айту» күніне орай әртүрлі мамандық иелеріне алғыс білдіруді әлеуметтік желіге жариялау. |
1 наурыз |
Зерде |
Тәрбие бөлімі, педагог-ұйымдастырушы, «Жас Ұлан» |
15 |
«Жүрегім толы мейірім» облыстық акция |
Қайырымдылық айлығы аясында «Жүрегім толы мейірім» акциясын ұйымдастыру. |
1-21 қазан |
Руханият |
Тәрбие бөлімі, педагог-ұйымдастырушы, «Жас Ұлан» |
17 |
«Ашық алаң» форматында белгілі тұлғалармен кездесу |
Ашық диалог алаңын құру арқылы өңірде танымал азаматтармен кездесу ұйымдастыру. |
қараша |
Руханият |
Тәрбие бөлімі, педагог-ұйымдастырушы, кураторлар |
«DANCE BREAK» би кеші |
Сергіту мақсатында би жарысын ұйымдастырып өткізу |
желтоқсан |
Тәрбие бөлімі, педагог-ұйымдастырушы, кураторлар |
||
16 |
«Біздің өлке каһармандары» танымдық шара |
Ауған соғысы ардагерлеріне арналған көпшілік іс-шара өткізу. |
Ақпан |
Руханият |
Тәрбие бөлімі, Педагог-ұйымдастырушы, кураторлар |
18 |
«Көктем шуағы» акциясы |
8 наурыз мерекесіне орай зейнеткер ұстаздарды құттықтау. |
8 наурыз |
Руханият |
Тәрбие бөлімі, педагог-ұйымдастырушы, «Мектеп парламенті», «Жас Ұлан» |
19 |
«Интернетсіз бір күн» флешмоб |
Оқушылардың бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында үлкен үзіліс кезінде флешмоб ұйымдастыру. |
Жыл бойы |
Салауат |
Тәрбие бөлімі, кураторлар |
22 |
Отбасылық КВЕСТ ойыны (7-10) |
Оқушылар мен ата-аналарын шақырып, мектепішілік спорттық шара өткізу |
қаңтар |
Салауат |
Тәрбие бөлімі, педагог-ұйымдастырушы, кураторлар |
«Толағай» спорттық сайысы (5-6) |
Оқушылар мен ата-аналарын шақырып, мектепішілік спорттық шара өткізу |
қаңтар |
Салауат |
Тәрбие бөлімі, педагог-ұйымдастырушы, кураторлар |
|
23 |
«Менің Отаным – Қазақстан» патриоттық әндер шеруі |
Республика күніне орай патриоттық әндер шеруін ұйымдастыру. |
Қазан |
Отан |
Тәрбие бөлімі, кураторлар |
ETHNO PARTY |
Оқушыларға әр ұлт өкілдерінің дәстүрін білу мақсатында қойылған, би, ән кеші. |
Наурыз |
Отан |
Кураторлар, тәрбие бөлімі, педагог-ұйымдастырушы |
|
25 |
«Бір шаңырақ астында» мерекелік іс-шара |
22 наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шарасын ұйымдастыру. |
22 наурыз |
Отан |
Тәрбие бөлімі, педагог-ұйымдастырушы, кураторлар |
26 |
«Жеңіс Ұландары» акциясы |
ҰОС ардагерлеріне көмек көрсету. |
9 мамыр |
Отан |
Тәрбие бөлімі, педагог-ұйымдастырушы, кураторлар |
27 |
«Мұз қалашығы-2023» |
Мектеп ауласына қардан түрлі бейнелер жасау. |
Қаңтар- ақпан |
Еңбек |
Тәрбие бөлімі, Педагог-ұйымдастырушы, кураторлар |
28 |
«Сәлем, құстар» акциясы |
Акция аясында «Жас қыран» мүшелерімен бірлесе отырып, құстарға ұя жасап, ағаштарға орналастыру. |
сәуір |
Еңбек |
Педагог-ұйымдастырушы, «Мектеп парламенті», «Жас Ұлан» |
29 |
«Өз ағашыңды отырғыз» акциясы |
«Өз ағашыңды отырғыз» акциясы аясында жаппай ағаш отырғызуды ұйымдастыру. |
мамыр |
Еңбек |
Педагог-ұйымдастырушы, «Мектеп парламенті», «Жас Ұлан», кураторлар |
30 |
Ұланбасыларға арналған «Құқығым бар» семинар-тренингі |
Мектеп Ұланбасыларына (балалар өкілдіктерінің өкілдеріне) арналған «Құқығым бар» тренингтеріне қатысу. |
қараша |
Жеті жарғы |
Тәрбие бөлімі, «Жас Ұлан» |
31 |
Дүниежүзілік балалар күніне арналған дөңгелек үстел |
Дүниежүзілік балалар күніне арналған дөңгелек үстелөткізу. Дөңгелек үстелаясында балалардың құқықтарын қорғаудың өзекті мәселелерін талқылау. |
18 қараша |
Жеті жарғы |
Тәрбие бөлімі, педагог-ұйымдастырушы, кураторлар |
32 |
«Рәміздерім – мақтанышым» «Жас Қыран» сатысына түсіндірме жұмыстары «Құқық марафон»акциясы |
«Жас Қыран» сатысына түсіндірме жұмыстарын жүргізу. |
қаңтар |
Жеті жарғы |
Тәрбие бөлімі |
33 |
«Ресурстарды жина да, тапсыр» акциясы |
Экологиялық акция аясында қалдық заттарды батарейка, номенклатура, пластик бөтелкелерді жинап, «Орал Таза Сервис» ЖШС тапсыру. |
қазан |
Экоәлем |
Педагог-ұйымдастырушы, «Мектеп Парламенті», «Жас Ұлан» |
34 |
«Дармарка – заттарға екінші өмір сыйла» акциясы |
Үйде қолданылмай қалған таза заттарын, бұйымдарын, киім-кешектерін әкеліп, оқушыларға тегін тарату акциясын ұйымдастыру. |
желтоқсан |
Экоәлем |
Педагог-ұйымдастырушы, «Мектеп Парламенті», «Жас Ұлан» |
35 |
«Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер қозғалысын БАҚ-та жариялау |
«Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер қозғалысының барысындағы болған жұмыстарды газет-журналдарға беру, бағдарламаларға беру. |
жыл бойы |
Тәрбие бөлімі, педагог-ұйымдастырушы |
|
36 |
«Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер қозғалысының әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларын дамыту |
Оқушылардың, ата-аналардың және аға тәлімгердің «Жас Ұлан» қозғалысының әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларына жазылуын қамтамасыз ету: Instagram: @jazulan_qz @kieli.tabigat @restart_social @birgemiz_taza_alem Facebook: @Жас Ұлан Ұйымы @Киелі табиғат @ReStart Social @Birgemiz Taza Alem |
жыл бойы |
Тәрбие бөлімі, педагог-ұйымдастырушы, кураторлар |
|
37 |
«Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер қозғалысының әлеуметтік желілерде парақшаларын құру |
Әлеуметтік желілерде мектептік, аудандық, қалалық «Жас Ұлан» қозғалысының ресми парақшаларын құру. Ұйымның логотипін пайдалану. |
жыл бойы |
Тәрбие бөлімі, педагог-ұйымдастырушы |
|
38 |
«Біз желідеміз» әлеуметтік желіні жүргізу. Міндетті түрде хэштерді жазамыз: #Балаларжылы #Годдетей #өзін_өзібасқару #школьное_самоуправление #студенттікпарламент #студенческийпарламент #rumcdo_official
|
Жоспар бойынша өткізілген іс-шараның фото және бейнематериалдарын әлеуметтік желіге жариялап, Darynzko - Instagram, Облыстық Дарын Орталығы- Facebook парақшаларын белгілеу. |
ай сайын |
Тәрбие бөлімі, педагог-ұйымдастырушы |