Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты

10 қаңтар - Жалпыұлттық аза тұту күні

Құрметті әріптестер, ата-аналар, оқушылар!

Ел басына күн туған осындай қиын шақта біздер, ұстаздар қауымы да ел Президентімен біргеміз. Президентіміз Қ.К. Тоқаев жағдайды тұрақтандыру бойынша, қауіпсіздігіміз және мемлекетіміздің біртұтастығын қамтамасыз етуде барлық шараларды қолдануда. Халқымыздың бірлігі бекем болып, еліміздің тұрақтылығы мен тыныштығы бұзылмас үшін қолдау көрсетейік, ат салысайық, құметті ағайын! Ол үшін мемлекет басшысының жарлығына бағынып, үндеулеріне құлақ асайық.

Ең басты байлығымыз – Тәуелсіздігіміз бәрінен қымбат. Оны көздің қарашығындай қорғау бәріміздің міндетіміз. Ең бастысы халқымыз аман, еліміз тыныш болсын!

Сонымен қатар, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде орын алған жағдайға байланысты 10 қаңтарды жалпы ұлттық аза тұту күні деп жариялады.

Ел тыныштығын қорғауда асқан батырлық көрсетіп, антына адал болып, қаза тапқан әскерилердің артында қалған ата-аналары мен ағайын-туыстарына қайғыра көңіл айтамыз!

Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты

Батыс Қазақстан облысы

Орал қаласы, Мұхит көшесі 37

Жұмыс телефоны: 50-62-73, факс: 50-62-73