С.Сейфуллин атындағы №11 ДБАОММЛИ

Цифрлық әлемге – кемел біліммен

Цифрлық әлемге – кемел біліммен

31.01-4.02 аралығында мектебімізде физика-информатика пәндерінің «Цифрлық әлемге –кемел біліммен» тақырыбындағы апталығы басталды.
Апта бойы белсенді қатысқан оқушылар анықталып, жұлдыздар тақтасына ілінетін болады. Және радиоторап арқылы сағат 08.10-де «Сен білесің бе?» айдары жүреді.
Осы аптаның әр күнінде жоспарға сай ұзақ үзілістерде көптеген қызықты шаралар өтеді.
Биылғы апталықты ерекшелігі бейсенбі күні «Ретрокомпьютинг» атты техникалық көнерген құрылғылар көрмесі ұйымдастырылады.
Мектеп мұғалімдерін жұма күні әдістемелік алаңға шақырады.
Қызықты, әрі тартымды апталықты ұйымдастырушы бірлестік мұғалімдеріне сәттілік тілеп, алғыс білдіреміз!

Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты

Батыс Қазақстан облысы

Орал қаласы, Мұхит көшесі 37

Жұмыс телефоны: 50-62-73, факс: 50-62-73