С.Сейфуллин атындағы №11 ДБАОММЛИ

«Жаратылыстану – әлемді бейнелеген нақты ғылым»

7 ақпан күні мектебімізде «Жаратылыстану – әлемді бейнелеген нақты ғылым» тақырыбында химия, биология және география пәндері бірлестігінің апталығы басталды.
Апталықтың салтанатты ашылу сәтінен соң «Қызықты тәжірибелер» алаңы ұйымдастырылып, алаңда оқушылар түрлі тәжірибелермен бөлісті. Одан кейін апталық аясында 5-6 сынып оқушыларымен Kahoot сервисімен "Қызықты биология" интеллектуалды ойыны өткізілсе, 9-10-11 сынып оқушыларымен бірлесіп, «Мамандығым-мақтанышым» тақырыбындағы кездесу кеші өткізілді. Кешке арнайы шақырулы қонақтар «Орал-Стом» медицина орталығының директоры, стоматолог- Умашев Есей Жолдығалиұлы , «TORUS.KZ» ЖШС бас директоры-Габдуллаев Даурен Ғарипұлы, дефектолог-Бисенгалиева Альбина Тимурқызы және мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі- Байжиенова Агерке Орынқызы қатысты. Кездесуде оқушылар мамандық таңдаудағы қонақтардың ақыл-кеңестерін тыңдап, көкейдегі сұрақтарын қойып, әр мамандықтың қыр-сырымен таныс болды.
 
Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты

Батыс Қазақстан облысы

Орал қаласы, Мұхит көшесі 37

Жұмыс телефоны: 50-62-73, факс: 50-62-73