С.Сейфуллин атындағы №11 ДБАОММЛИ

Мектебімізде 7 ақпан күні «Жебе» дебат клубының «Ұшқыр ой» алаңы жобасы бойынша «Пікірсайыстық АПФ форматы» шеберлік сағаты өтті.

Мектебімізде 7 ақпан күні «Жебе» дебат клубының жетекшілері Айболсын Тастемирқызы мен Ернар Ізбасарұлының ұйымдастыруымен «Ұшқыр ой»алаңы жобасы бойынша «Пікірсайыстық АПФ форматы»шеберлік сағаты өтті.Шеберлік сағатын облыстық «Дарын» қосымша білім орталығының дебат қозғалыстары жөніндегі маманы Шайқы Ақерке Әміржанқызы өткізді. Оған мектепішілік «Жебе» дебат клубының кіші және үлкен лигалары, 7-8-9-10 сынып оқушылары қатысты. Оқушылардың көпшілік алдында сөйлеу мәдениетін, сөйлеудің шығармашылығы мен тапқырлығын және сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамыту мақсатында өткізілген дебат шеберлік сағатында оқушылар қарар анализі,ойындағы логикалық тізбек,сараптама туралы толығырақ ақпараттар алды.Сондай-ақ маман мектептегі клуб жұмысымен танысып, оны жандандыру туралы ой бөлісіп, оқушылармен пікір алмасты. Республикалық «Ұшқыр ой» алаңы лигасына баратын оқушыларға бағыт-бағдар сілтеп, алдағы клуб жұмысына сәттілік тіледі.

 

 

 

 

Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты

Батыс Қазақстан облысы

Орал қаласы, Мұхит көшесі 37

Жұмыс телефоны: 50-62-73, факс: 50-62-73