С.Сейфуллин атындағы №11 ДБАОММЛИ

Химия, биология, география пәндері бірлестік апталығының екінші күні интеллектуалды ойындармен жалғасын тапты

"Жаратылыстану–әлемді бейнелеген нақты ғылым" атты химия, биология, география пәндері бірлестік апталығының «Химия адам ісіне құшағын кең жаяды. Қайда қарасақ та, қайда көз жүгіртсек те көретініміз химия ғажайыптары» атты апталықтың екінші күні интеллектуалды ойындармен жалғасын тапты.
Химия пәні мұғалімдері Темиралиева А.Д.,Казиханова Э.Б., Сериккалиева Р.Е. үзіліс уақытында 8 сынып оқушыларымен "Қызық екен","Д.И.Менделеев жасаған эксперименттердің периодтық жүйесіне саяхат", 9 сынып оқушыларына арналған " Кіл жүйріктен-бір жүйрік" және мектебіміздің 11 сынып оқушыларымен «Ойлы болсаң озып көр» атты танымдық-интеллектуалды ойындарын ұйымдастырып, оқушыларға керемет көңіл-күй мен шағын сыйлықтар табыстап, үзіліс уақытын тиімді өткізді.
 
Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты

Батыс Қазақстан облысы

Орал қаласы, Мұхит көшесі 37

Жұмыс телефоны: 50-62-73, факс: 50-62-73