Ағымдағы жылдың 3-4 ақпанында тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен кураторлар Әсел Исламгали, Гүлжиян Шамарова және Гүлзар Мукашеваның жетекшілігімен мектебіміздің 9-10 сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында Орал қаласының Жоғары аграрлық-техникалық колледжі базасында арнайы жасақталған ақпараттық 3D жобалау кабинетінде кездесу оздырылды. Аталған жұмыстың мақсаты: мамандық таңдауда жауапкершілікті қалыптастыру, өзін-өзі тану
аймағын кеңейту, мамандық әлемінен ақпараттар алу: қазіргі заманның тапшы мамандықтарын көрсетіп, сол бағытқа бағыттау.
Кездесу барысында құрылыс-техникалық бөлімінің меңгерушісі Сариева Гаухар Саматқызы оқушыларды бөлім жұмысымен және 3D жобалау кабинетімен таныстырса, құрылыс-техникалық бөлімінің оқытушысы Махметов Руслан Мұратұлы оқушыларды ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану мамандығымын таныстырды. Соның ішінде оқу процесінде BIM технологиясын қолдану, сондай-ақ мамандықтың материалдық базасын көрсетті. Презентация аяқталған кейін, 3D-Cave-дегі ғимараттар мен құрылыстардың жобалары көрсетіліп, оқушылар кәсіптік бағдар бойынша қосымша ақпараттар алып, мол мәліметпен қанықты.