Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты

Мектебімізде 4 ақпан күні тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен оқушыларға кәсіптік бағдар беру аясында 11 сынып оқушыларымен танымдық сағаты өтті.

Мектебімізде 4 ақпан күні тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен оқушыларға болашақ мамандық және оқу бағдарын таңдауда көмектесу, мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту, оқушылардың өмір туралы, мамандықтар туралы көзқарасын дамыту, алдағы уақытта мамандық таңдауда дұрыс жолда болуына себепкер болу, таңдаған мамандығының өз бейімділігі мен қабілетіне сәйкес келуін нақтылау, өз - өзін танудың жалпы әзірлігін қалыптастыру мақсатында кәсіптік бағдар беру аясында 11 сынып оқушыларымен танымдық сағаты өтті. Оны мектептің «Мамандықтар әлемі» үйірмесінің жетекшісі Искакова Айымгүл Орынбасарқызы жүргізді. Танымдық сағатта оқушыларға еліміздегі үздік топ құрамындағы ЖОО туралы сауалнама жүргізіліп, көп салалы оқу орындары төңірегінде слайдтар көрсетілді. Сондай-ақ
мамандық таңдау мәселесін белсенді арттыру, мамандық әлемі туралы ақпарат алу арқылы және өзін тану шекарасын кеңейту арқылы мамандық бағытын таңдауда жауапты шешім қалыптастыру сөз болып, оқушылардың көзқарастары мен жеке пікірлері тыңдалды. Танымдық сағат соңында талқыланған тақырып төңірегінде оқушылар өздеріне беймәлім оқу орындарынан хабардар болып, өзіндік ойларымен бөлісті.
 
Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты

Батыс Қазақстан облысы

Орал қаласы, Мұхит көшесі 37

Жұмыс телефоны: 50-62-73, факс: 50-62-73