Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты

«Жаратылыстану-әлемді бейнелеген нақты ғылым» тақырыбындағы химия, биология, география апталығының 3-ші күнінде мектебімізде көптеген іс-шаралар өткізілді.

«Жаратылыстану-әлемді бейнелеген нақты ғылым» тақырыбындағы химия, биология, география апталығының 3-ші күнінде мектебімізде көптеген іс-шаралар өткізілді. Атап айтатын болсақ, оқушылардың жас ерекшеліктері мен қызығушылықтарына қарай танымдық сұрақтар арқылы дүниетанымын кеңейту мақсатында география пәнінен 7 сынып оқушыларына арналған «Геокруиз» атты ойыны ұйымдастырылды. Әр бөлімде белсенділік танытқан оқушылар келесі айналымға жолдама ала отырып, сайыс қорытындысы бойынша 7а сынып оқушысы Тарас Бекарыс пен Мерекеұлы Саясат жеңімпаз атанды. Қатысушылар мен жеңімпаздар «Жеңіс аралына» жолдама алды. Одан кейін оқушылардың географиялық білімін арттыру мақсатында «Географиялық динамо» сайысы оздырылды. Ол сайыстың барлық талабына сай белсенділік танытып, оқ бойы озық шыққан 8 в сынып оқушысы Салауатов Мансур 1 орын, 8 в сынып оқушысы Жолдасов Даулет 2 орын, 9а сынып оқушысы Сансызбаева Ұлжан 3 орынды иеленді.
Сондай-ақ география пәні мұғалімі Уйсимбаева Шұғыла Күзембайқызының жүзгізумен «Lesson-Study әдіснамасын өткізудің тиімділігі» тақырыбында мұғалімдерге арналған семинар өткізілді. Семинардың мақсаты мұғалімдердің шығармашылық жұмысын жандандыру, әр сыныптағы зерттеу сабағын тиімді ұйымдастыру. Шараға әр бірлестіктен мұғалімдер, жас мамандар қатысып, Lesson-study әдістерімен жұмыстанып, өз тәжірибелерімен бөлісті.
 
Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты

Батыс Қазақстан облысы

Орал қаласы, Мұхит көшесі 37

Жұмыс телефоны: 50-62-73, факс: 50-62-73