С.Сейфуллин атындағы №11 ДБАОММЛИ

Мектебімізде 9 ақпан күні «Тектілік-ұлттың бойындағы қорғаныс қабілеті» тақырыбында Жаңабек Жақсығалиевпен кездесу кеші өткізілді.

Мектебімізде 9 ақпан күні «Тектілік-ұлттың бойындағы қорғаныс қабілеті» тақырыбында М.Өтемісов атындағы БҚУ доценті, тарих ғылымдарының кандидаты, облыстық мәслихат депутаты Жаңабек Жақсығалиевпен кездесу кеші өткізілді. Кештің негізгі мақсаты оқушылардың тек, ататек, рушылдық (белгілері), тектілік белгілері туралы түсініктерін кеңейту. Осы ұғымды халық педагогикасымен, мақал - мәтелдермен, ақын - жыраулармен байланыстыра әңгімелеп, пікір таласын тудыру, тілдерін дамыту, ұлттық санамен рухты биіктету. Кеш барысында оқушылар тарапынан тектілік тақырыбында «Ататек дегенді бәзбіреулер қалай түсінеді, рушылдық деген не, рушылдық пайдасы бар ма, тегін сақтауды, тек дегеннің мәнін табиғаттан үйренуге бола ма, тектіліктің негізгі белгілері қандай, тексіздікті қалай танимыз, тектіліктің жауына нелерді жатқызамыз сияқты алуан сұрақтар қойылып, кездесу иесінен тұшымды жауаптар қайтарылды. Кездесу соңында мектеп директоры Хамзина Аягөз Орынбайқызы сөз сөйлеп, шақырулы қонаққа ризашылығын білдірді.

 

Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты

Батыс Қазақстан облысы

Орал қаласы, Мұхит көшесі 37

Жұмыс телефоны: 50-62-73, факс: 50-62-73