Мектебімізде 10 ақпан күні тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен террорлық актілердің алдын-алу,террорлық акті кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында «Террористік акт қаупі кезінде жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету» тақырыбында 11а,б,в сынып оқушыларына түсінік жұмыстары бағытындағы дәріс жүргізілді. Оған полиция департаменті Орал қалалық ІІБ Абай ЖПҚ ЮПТ УПИ аға лейтенанты Арайлым Рыскалиева және мектеп психологі Нұргүл Мұратқызы қатысып,оқушыларға террорлық акт туралы түсіндірме жұмысын өткізді. Оқушылар өткізілген дәрістен террорлық акт қаупі кезіндегі ережелерді ұғынып, терең ой түйді.