10 ақпан күні «Жаратылыстану-әлемді бейнелеген нақты ғылым» тақырыбындағы химия, биология, география апталығының 4 ші күнінде оқушылардың жас ерекшеліктері мен қызығушылықтарына қарай танымдық сұрақтар арқылы дүниетанымын кеңейту мақсатында 7 сынып оқушыларымен «ANIMALS-біздің досымыз» Learning apps сервисімен ойын ұйымдастырылса, 8-10 сынып оқушыларымен «Көңілді One Minute» ойыны өткізілді. Сондай-ақ «Ізденіс» шығармашылық тобының ұйымдастыруымен «Оқу мен оқытудағы жаңаша әдістер» атты мұғалімдерге арналған оқыту семинары және 9-11 сынып оқушылары арасында пәндік олимпиадаға қатысты мотивация беру мақсатында "Дарынды оқушы - мектеп мақтанышы" тақырыбында сыныптан тыс шара ұйымдастырылды.Бұл шараның мақсаты оқушылар өзара пікір алмаса отырып, олимпиадаға дайындықта қандай мәселелерге көңіл бөлу керек, қалай дайындалу керектігі жөнінде кеңес алу. Шараға мектеп мақтанышы бола білген облыстық, республикалық олимпиада жүлдегерлері, сонымен қатар мектеп бітіріп кеткен түлектерден де арнайы олимпиада жүлдегерлері шақырылды. Таным-түсінікті кеңейткен апталықтың 4-ші күні өз мақсатына жетіп, оқушылар мол мәліметпен қанықты.