С.Сейфуллин атындағы №11 ДБАОММЛИ

Мектебімізде 7-11 ақпан күндері аралығында «Жаратылыстану-әлемді бейнелеген нақты ғылым» тақырыбындағы химия, биология, география апталығы өтті.

Мектебімізде 7-11 ақпан күндері аралығында «Жаратылыстану-әлемді бейнелеген нақты ғылым» тақырыбындағы химия, биология, география апталығы өтті. Ертеңгі күннің болашағы бүгінгіден де нұрлы болуы үшін болашақ ұрпақ білімді, өз заманының көшбасшысы болуы шарт. Оған апталық барысында өткен мектепішілік шаралар, сыныптан тыс жұмыстар дәлел бола алды. Аталған апталықта өткен іс-шаралар фотогалереяда жинақталып, әр күн сайын жарияланып, тақтаға ілінді.
Апталықтың жабылуында мектеп оқушыларымен «WONDERFUL LIFE» флешмобы ұйымдастырылып, оған оқушылар белсене қатысты. Бірлестік жетекшісі Темиралиева А.Д. апталық қорытындысында сөз алып, Абылай ханның «Білекке сенер заманда – ешкімге есе бермедік. Білімге сенер заманда – қапы қалып жүрмейік» – деген сөзін негізге алып, апталыққа асқан белсенділікпен қатысқан оқушылар мен сыныптарға алғысын жеткізді.
 
Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты

Батыс Қазақстан облысы

Орал қаласы, Мұхит көшесі 37

Жұмыс телефоны: 50-62-73, факс: 50-62-73