Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты

"Зияткер" оқушылардың ғылыми қоғамы

Бүгін мектебімізде ”Зияткер” ғылыми қоғамының оқушылары Хайырлыева Альмира, Ескалиева Дильназ, Саин Айнур, Саттыкличов Еділ, Мурзагалиева Аружан 14-15 сәуір аралығында өткізілетін мектепшілік ғылыми жобаның мақсаттары мен міндеттерін және ережелерімен таныстырып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

  1. Жалпы ережелер
  2. Ғылыми конкурстың мақсаттары мен мiндеттерi:

  1) оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін ынталандыру;

   2) ең талантты және дарынды жас зерттеушiлердi iрiктеу және оларға қолдау көрсету;

   3) Қазақстан Республикасының зияткерлік әлеуетiн қалыптастыруға ықпал ету.

  1. Ғылыми конкурсқа:

     1) аталған ғылым саласындағы фактiлер, оқиғалар, құбылыстар және бұрын танылмаған, ерекше жақтары көрсетілген;

     2) мектеп тәжірибелерін жетiлдiруге, өндiрiстiк процесстердiң тиiмдiлiгiн арттыруға ықпал ететiн, практикалық міндеттерді шешуге жаңалықтар әкелетiн аппараттардың, модельдердің, құралдардың конструкциялары ұсынылған;

      3) әлеуметтiк-экономикалық мәселелерді шешуге бағытталған экономикалықзаңдыққа негiзделген компьютерлiк модельдер және жобалар ұсынылады.

  1. Ғылыми конкурсқа:

       1) жарысқа кәмелетке толмағандар үшiн рұқсат етiлмейтiн аспаптармен жұмыстар, жануарларға қатігездік көрсетiлетiн эксперименттер, адам денсаулығы мен жануарлар үшiн зиян келтiретiн заттармен жүргізілетін жұмыстар (улы, радиоактивтiк, канцорегендік және мутагендік әсері бар зерттелмеген биологиялық белсендi қосылыстар, адам және жануарлар үшін патогенді немесе шартты патогенді заттар, микроағзалар, вирустар, iшiмдiк, никотин) жарысқа қатысуға жіберілмейді;

       2) ғылыми жарыстарда бұрын қаралған және қорғалған жұмыстар Ғылыми конкурсқа қатысуға жіберілмейді.

  1. Зерттеу жұмыстарын рәсімдеуге қойылатын талаптар:

     1) жұмыс мәтiнi компьютерде басылып мынадай құрылымнан тұруы тиіс: титул парағы; мазмұны; абстракт (аннотация) қазақ немесе орыс тiлдерiнде (зерттеу жұмысының қай тiлде дайындалғанына байланысты), және ағылшын тiлiнде жазылады; кiрiспе; зерттеу бөлiмi; қорытынды; пайдаланылған әдебиеттер тiзiмi;

     2) титул парағында мыналар көрсетiледi: жұмыс орындалған ұйымның толық атауы, қаласы, мектебi; автордың (бiрiккен автордың) тегi, аты, сыныбы; жұмыстың атауы; жұмыстың дайындалған бағыты, секциясы; жетекшiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты; қаласы (жарыстың өтетiн жерi), жылы;

     3) абстракт (аннотация) (250 сөзден артық емес) қамтылған жұмыстың қысқаша мазмұнын көрсетуі тиіс: зерттеудің мақсаты; гипотезасы; кезеңдерi, зерттеудiң реті; тәжірибенің әдiстемесi; зерттеудiң жаңалығы және дербестiк дәрежесi; жұмыстың нәтижесi және қорытындысы; нәтижелерді практикада қолдану салалары;

     4) кiрiспеде (2 беттен артық емес) мыналарар келтіріледі: таңдалған зерттеу тақырыбының өзектілігі, осы жұмыстың мақсаты (мiндетi); қойылған мiндеттердi шешу әдiсi қысқаша көрсетiледi;

     5) жұмыстың зерттеу бөлiмi (20 беттен кем емес) жеке тараулардан (параграфтардан) тұрады және мыналарды қамтиды: осы жұмысты жүргізудің қажеттiлiгiне көз жеткiзуге және оның мақсатын (мiндетiн) құрастыруға мүмкіндік беретін таңдалған тақырып бойынша белгілі нәтижелерге талдама шолу жасау; қойылған мiндеттердi шешу әдiстерiн сипаттау; жұмыстың нәтижелері және оларды талқылау; суретті материалдар (сызбалар, кестелер, фотосуреттер, суреттер);

      6) пайдаланылған әдебиеттерге сiлтеменi төртбұрышты жақшада беру керек. Мәтiнде кездесетiн сiлтемелердің шығуына қарай, нөмiрлеу реті болуы керек.

      7) қорытынды (бір беттен артық емес) жұмыстың негiзгi нәтижелерi және олардың негiзiнде жасалған қорытындыларын, жұмыстың нәтижелерiн ғылыми және практикалық мақсаттарға пайдалану жөнiндегi ұсыныстарды қамтиды;

      8) пайдаланылған әдебиеттер жұмыс соңында жалпы тiзiммен мынадай тәртiпте берiледi: автордың тегi және қысқартылған аты-жөнi; мақаланың және журналдың аты (журналдағы мақалалар үшiн); журналдың, кiтаптың аты; басып шығарылған орны және баспасы (кiтаптар үшiн); басылған жылы, шығу нөмiрi, бетi;

      9) әрбiр жұмыста таңдалған тақырыптың өзектілігі, автордың жұмысқа сiңiрген жеке еңбегi, жұмыстың кемшiлiктерi және нәтижелерiн әрi қарай пайдалану жөнiндегi ұсыныстары көрсетілген жетекшiнiң пiкiрi қоса берілуі керек;

    10) баяндамаға 135х125 шаршы сантиметр көлемдегi стендке орналастыру үшін демонстрациялық материалдарды жасау ұсынылады.

  1. Стендтi ресiмдеуге қойылатын талаптар:

1) Стендтiң жоғарғы жағына көлденеңiнен абстрактыны, қатысушының атын, жасын, мектебiнiң, қаласының, облысының атын орналастыру қажет; стенд материалдары жұмыстың мазмұнын сипаттайтын нөмірленген кестелер, фотосуреттер, суреттер, диаграммалар енгізіліп, қорытындылары көрсетіліп, талғаммен ресiмделеді; мазмұнды дайындау кезiнде негiзгі назарды жоба авторының алған нәтижелерiн көрсетуге аударылады.

 2) Уәкілдік мүшемен бекітілген ғылыми жетекші жұмыс нәтижелері диплом жұмыстарынан, магистрлік және кандидаттық диссертациялардан, ғылыми ұжымдардың есептерінен көшірілмеген, алынған нәтижелердің нақтылығы мен дұрыстығын қамтамасыз етеді. Оқушы жаңа білім мен өз бетінше зерттеу қызметінің дағдыларына ие болып, өз қолынан келетін жұмысты орындауы керек.

  1. Ғылыми конкурсты ұйымдастыру және өткізу тәртібі
  2. Ғылыми жетекшінің немесе оқушылардың ғылыми қоғамының ұсынуымен, ғылыми конкурстың 7-10 сынып оқушылары қатысады. Зерттеу жұмыстарын екі оқушыдан кем емес орындайды.
  3. Оқушы ғылыми жетекшiнiң пiкiрiн және ілеспе құжаттарды (өтiнiм, зерттеу журналы) ұсынады.
  4. Конкурста жеңімпаздарды марапаттау
  5. Ғылыми конкурстың жеңімпаздары I, II және III дәрежелі дипломдармен марапатталады.
  6. Егер бірнеше қатысушы жүлделі орындарды анықтау үшін қажетті төмен деңгейге сәйкес бірдей балл жинаған жағдайда, конкурс жеңімпаздарының саны қазылар алқасының шешімімен көбейеді.

Жалпы білім беретін пәндер бойынша 7-10 сыныптар арасындағы мектепішілік ғылыми жобалар конкурстары өткізілетін пәндер тізімі

Секция

Пәні

1.      Физика

Физика

2.      Техника

Физика

3.      Жер және ғарыштар туралы ғылымдар

Физика

4.      Математика

Математика

5.      Қолданбалы математика

Математика

6.      Информатика

Математика, Информатика

7.      Экономика

Математика, География

8.      Биология

Биология

9.      Химия

Химия

10.   Қоршаған ортаны қорғау және адам денсаулығын сақтау

Биология

11.   Тарих

Дүниежүзі тарихы және Қазақстан тарихы

12.   Адам және қоғам

Дүниежүзі тарихы және адам және қоғам

13.   Өлкетану

География және Қазақстан тарихы

14.   Әдебиет

Қазақ әдебиеті және орыс әдебиеті

15.   Этномәдениеттану

Дүниежүзі тарихы және Қазақстан тарихы, Қазақ әдебиеті және орыс әдебиеті

16.   Тіл білімі

Қазақ тілі, орыс тілі және неміс, ағылшын, француз тілдері

 

 

 

Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты

Батыс Қазақстан облысы

Орал қаласы, Мұхит көшесі 37

Жұмыс телефоны: 50-62-73, факс: 50-62-73