С.Сейфуллин атындағы №11 ДБАОММЛИ

Мектебімізде осы апта бойына бастау алған «Білім мен өнерге таза жүрек жеткізер» атты өзін-өзі тану, бастауыш сынып, көркем еңбек және музыка пәні апталығы жалғасын тапты

Мектебімізде осы апта бойына бастау алған «Білім мен өнерге таза жүрек жеткізер» атты өзін-өзі тану, бастауыш сынып, көркем еңбек және музыка пәні апталығы жалғасын тауып, 4 сынып оқушыларына "Жұлдызды сәт" зияткерлік ойыны ұйымдастырылса, 7-8 сынып оқушыларына
"Күй құдіреті" музыкалық викторинасы мен "Сырлы әлем" зияткерлік ойыны өткізілді. Оқушылардың білім және өнерге деген қызығушылықтарын одан әрмен арттыра түскен апталықтың бүгінгі күнінде мектебімізден Артурова Айым, Тұрарбек Нұрайым, Тулегенов Алихан, Шәкірат Али сынды оқушылар белсенділік танытып, әр сұрақтың сырына терең үңіле білді.
 
Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты

Батыс Қазақстан облысы

Орал қаласы, Мұхит көшесі 37

Жұмыс телефоны: 50-62-73, факс: 50-62-73