С.Сейфуллин атындағы №11 ДБАОММЛИ

Бүгін мектебімізде әдеттегідей апта басында басталған өзін-өзі тану, бастауыш сынып, көркем еңбек және музыка пәні апталығы жалғасты.

Бүгін мектебімізде әдеттегідей апта басында басталған өзін-өзі тану, бастауыш сынып, көркем еңбек және музыка пәні апталығы жалғасты. Апталықтың "Жас зертханашылар" деп аталатын зертханалық жұмысына 4 сынып оқушылары Наси Қайсар, Альбекқызы Алянур, Сағынтай Айзере, Жанболат Мухаммеджан, Сахым Дария сынды оқушылар белсене қатысты. Ал 4-5 сыныптар арасында ұйымдастырылған "Әуенді тап" ойынында Хамитова Анель, Берік Айжан, Жаңаталап Ибраһим, Мақсот Айқын, Серік Айзере, Лукпанова Раушан атты 4 сынып оқушылары топ жарды. Сондай-ақ апталықтың жоспары бойынша 7-8 сынып оқушыларына ұйымдастырылған "Қалдық заттарға екінші өмір сыйла" шеберлер алаңында Губайдуллаев Даулет, Мәлікқызы Мадина, Искалиева Амина, Тлесова Алия, Құрманғалиева Аружан, Нагизханова Тамила, Мұрат Әсел, Сабыр Адина, Артурова Айя өзгелерден озық шықса, 10 сынып оқушылары "Жаныңда жүр жақсы адам" акциясына қатысты. Акцияда оқушылар мектептің кіші қызметкерлеріне шағын сыйлық ұсынып, вальс билеп, ерекше құрмет-қошеметтерін көрсетті.

Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты

Батыс Қазақстан облысы

Орал қаласы, Мұхит көшесі 37

Жұмыс телефоны: 50-62-73, факс: 50-62-73