С.Сейфуллин атындағы №11 ДБАОММЛИ

«Ғылым әлемін ашамыз»

XVIІI Халықаралық ғылыми жарысқа қатысушыларды іріктеу және дарынды балаларды анықтап дамыту, оларға қолдау көрсету мақсатында 2022 жылдың 24-25 ақпан күндері аралығында Облыстық балалар техникалық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен «Ғылым әлемін ашамыз» облыстық көрме-байқауы өткізілді. Байқауға мектебімізден 9 «В» сынып оқушысы Құсан Мансұр «М-Каз-11» марсаходы және 8 «В» сынып оқушылары Ниязов Дамир мен Амангалиева Нуриля «Алыс қашықтықтағы жұлдыздарды зерттеу» тақырыбында бақ сынасты. 81 оқушы қатысқан сайыста біздің оқушылар өз білімдерін дәлелдеп, шығармашылық бағытында сынға түсті. Нәтижесінде Құсан Мансұр ІІІ орын, Ниязов Дамир мен Амангалиева Нуриля І орын алып келесі кезеңге жолдама алды.
Жеңімпаз оқушыларды дайындаған Марс Мәуленұлы мен Әлібек Талғатұлына алғыс білдіреміз!

Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты

Батыс Қазақстан облысы

Орал қаласы, Мұхит көшесі 37

Жұмыс телефоны: 50-62-73, факс: 50-62-73