Бүгін мектебімізде 1 наурыз Алғыс айту күніне орай мерекелік шара ұйымдастырылды. Шара мектебіміздің ата-аналары тарапынан ұстаздар мен оқушыларға ерекше құрмет пен ілтипат көрсетіп, гүл шоқтары мен әсем шарларын табыстауынан бастау алды. Оқушылар мен ұстаздарды мектеп табалдырығынан күтіп алып, шынайы ақжарма тілек пен жүрекжарды лебіздерін білдірді. Сондай-ақ жуық арада Шымкент қаласында өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобада мектеп намысын қорғап, II орын иеленген 11 А сынып оқушысы Жүсіп Ақжол мен III орын иеленген 9 А сынып оқушысы Аманғалиева Аружанды мектеп ұжымы мен сыныптастары және ата-аналар болып қарсы алды.«Ұстаздарға, оқушыларға, ата-аналарға мың алғыс!» бұрышына мектеп оқушылары өз алғыстарын жазып, бірлестік ұжымдарына өздері жасаған қабырға газеттері пен жүрекшелер арқылы шынайы алғысы мен рахметін жеткізді. Әсем әуенмен мектепке кірген барша жанның көңіліне қуаныш ұялатқан шара мектеп жанындағы өнер мектебі мен интернатта жалғасын тапты. Осы орайда мектеп директоры Хамзина Аягөз Орынбайқызы құттықтап келген барша ата-анаға ризашылығын білдіріп, алдағы уақытта да бірлескен қызметтің берекесі барлығын түсіндірді.