С.Сейфуллин атындағы №11 ДБАОММЛИ

ORAL DARYNY

2022 жылдың 26-наурыз күні мектебімізде «ORAL DARYNY» қауымдастығы мен «KӨMEKTIMES» жобасы аясында «Мектептің оқу жылына арналған жұмыс жоспарына қойылатын негізгі талаптар» тақырыбындағы семинар оздырылды. Облыстық мектептерден, Подстепный ЖОББМ мен Сырым аудандық білімі беру бөлімінің лицейінен келген әріптестерімізді «Өнер» мектебінің ұстаздары «MUZIC EXPRESS» атты музыкалық сәлемдемемен және Аrt көрмесімен қарсы алды. Семинарды ашқан мектеп директоры А.Хамзина семинар қатысушыларына қош келдің айтып, семинарға сәттілік тіледі.
Семинар басында директордың оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары З.Магзумова ұйымдастырған «Менеджер және көшбасшы» тренингі қатысушыларға менеджер мен қошбасшы арасындағы айырмашылықты ажыратып, басымдылықтарын айқындауға мүмкіндік берді.
Семинардың негізгі тақырыбы бойынша әдістемелік алаңда мектеп директоры А.Хамзина мектептің жылдық жоспарын жасаудың негізгі талаптарымен, дайындық кезеңдерімен таныстырса, директордың орынбасарлары жоспардың 9 бөлімі бойынша топтармен жұмыстанып, кейін әр топ өз бөлімдері бойынша көпшілікпен бөлісіп, өз ұсыныстарын ортаға салды.
«Өткен тарих-ұрпаққа өнеге» бөлімінде А.Мурзашева семинар қатысушыларын мектеп мұражайымен, тарихымен таныстырып өтті.
«Мектеп тынысы: ізденіс, тәжірибе, нәтиже» тәжірибе алаңында мектеп директорының орынбасарлары Г.Суханова, А.Ахмадиев, З.Магзумова, Т.Ахметуллаева, А.Бакаев, А.Мухашева «Айналмалы бекет» әдісімен өз жұмыс бағыттары бойынша тәжірибелерімен бөлісті.
«RELAX» алаңында мектебіміздің шығармашылық топ жетекшілері Э.Казиханова, Р.Сериккалиева, Г.Хайрекеева қатысушыларымен «Квест» ойынын ұйымдастырды. Семинар рефлексия алаңында «Тандем текшесі» әдісімен қорытындыланды.

Барлық фотоларды осы сілтеме арқылы жүктей аласыздар.

Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты

Батыс Қазақстан облысы

Орал қаласы, Мұхит көшесі 37

Жұмыс телефоны: 50-62-73, факс: 50-62-73