С.Сейфуллин атындағы №11 ДБАОММЛИ

Республикалық олимпиаданың жаратылыстану-математика бағыты бойынша облыстық кезеңі болып өтті.

Ағымдағы жылдың 24-25 наурыз күндері жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың жаратылыстану-математика бағыты бойынша облыстық кезеңі болып өтті. Олимпиада нәтижесінде, биология пәні бойынша 11-сынып оқушысы Климова Найля «Алтын медаль» (жетекшісі Кажгалиева Д.Б.) иеленді. Ал, «Қола медальды» - физика пәні бойынша 9-сынып оқушысы Құсан Мансұр (Жетекшісі Упагалиева Г.Ш.), биология пәні бойынша 9-сынып оқушысы Төлегенова Камилла (жетекшісі Өтемісова А.Ө), география пәні бойынша 10-сынып оқушысы Самиғолла Оразәлі (жетекшісі Уйсимбаева Ш.К.), математика пәні бойынша 9-сынып оқушысы Шәкірат Әли (жетекшісі Казиханов С.М.), математика пәні бойынша 10-сынып оқушысы Амантаева Әсемгүл (жетекшісі Казиханов С.М.), информатика пәні бойынша 11-сынып оқушысы Сариев Едіге (жетекшісі Ахмадиев А.С.), химия пәні бойынша 9-сынып оқушысы Бейбіт Нұрлы (жетекшісі Казиханова Э.Б.), химия пәні бойынша 10-сынып оқушысы Нағымова Махаббат (жетекшісі Сериккалиева Р.Е.), химия пәні бойынша 10-сынып оқушысы Камешова Асель (жетекшісі Казиханова Э.Б.) иеленді. Сонымен қатар, дипломдармен - биология пәні бойынша 9-сынып оқушысы Бердеш Айшабибі (жетекшісі Өтемісова А.Ө.), биология пәні бойынша 9-сынып оқушысы Мереева Айзат (жетекшісі Хайрекеева Г.К.), география пәні бойынша 11-сынып оқушысы Тілек Айнара (жетекшісі Уйсимбаева Ш.К.), математика пәні бойынша 10-сынып оқушылары Мырзахметов Айдос, Елемесов Аңсар, Ахметов Арсен (жетекшілері: Казиханов С.М.), математика пәні бойынша 9-сынып оқушысы Қадіржан Елдос (жетекшісі Казиханов С.М.) марапатталды. Жеңімпаздар мен жүлделі орын иегерлері және олимпиада жетекшілерін жеткен жетістіктерімен құттықтаймыз! Алар асуларыңыз бен бағындырар белестеріңіз көп болсын!

Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты

Батыс Қазақстан облысы

Орал қаласы, Мұхит көшесі 37

Жұмыс телефоны: 50-62-73, факс: 50-62-73