С.Сейфуллин атындағы №11 ДБАОММЛИ

Республикалық олимпиаданың қоғамдық-гуманитарлық бағыты бойынша облыстық кезеңі болып өтті.

2022 жылдың 28-29 наурыз күндері мектебіміздің оқушылары жалпы білім беретін пәндер бойынша қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы олимпиаданың республикалық кезеңіне қатысты. Барлығы 20 оқушы бақ сынасқан олимпиада қорытындысында тарих пәні бойынша 10-сынып оқушысы Мурзагали Аружан І орын(жетекшісі Батырғалиев М. Х), тарих пәні бойынша 11-сынып оқушысы Рамазанов Манарбек І орын(жетекшісі Опиев Д.Ж), орыс тілінен 11- сынып оқушысы Әлібек Сая І орын(жетекшісі Ибрагимова А.Ж) және өзін-өзі тану пәнінен 10-сынып оқушысы Абхиев Асан(жетекшісі Кадырова Н.М) І орынды қанжығалады. Ал ІІ орынға өзін-өзі тану пәнінен 10-сынып оқушысы Ұлықпан Жанайым(жетекшісі Хамзина А.О), ағылшын пәні бойынша 11-сынып оқушысы Омарова Әсел(жетекшісі Айтқалиева Д.Е), 9-сынып оқушысы Жолдығалиева Амина(жетекшісі Айтқалиева Д.Е), орыс тілі мен әдебиеті пәнінен 11-сынып оқушысы Бегалиева Ранида(жетекшісі Ибрагимова А. Ж) ие болды. ІІІ орын ағылшын пәнінен 11-сынып оқушысы Казиханов Жан(жетекшісі Айткалиева Д.Е), қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша 10-сынып оқушысы Самиголлина Назерке(жетекшісі Ахметкалиева С.Ж) және қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен Темірхан Мақпалға (жетекшісі Имашева Д.И) бұйырды. Ал олимпиадаға ағылшын тілінен қатысқан 10-сынып оқушысы Жанболат Инабат(жетекшісі Айткалиева Д.Е), Қазақстан тарихы пәнінен қатысқан 11-сынып оқушысы Әли Әбілхайр(жетекшісі Батыргалиев М.Х),қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен қатысқан 10-сынып оқушысы Исмагулова Ділназ(жетекшісіАхметкалиева С.Ж),орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша қатысқан 10-сынып оқушысы Джадырова Назира(жетекшісі Мусеева Г.Г), орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша 9-сынып оқушысы Айкөргенова Мадина(жетекшісі Курмашева М.З) Алғыс хаттармен марапатталды. Сондай-ақ 11-сынып оқушысы Әлібек Сая жалпы білім беретін пәндер бойынша(Қазақ мектебіндегі орыс тілі) Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша университетте тегін оқу құқығын беретін грант иегері атанса, мектебіміз олимпиада барысында көрсеткен үздік нәтижесі үшін ІІІ дәрежелі «Үздік олимпиадалық команда-2022» номинациясына ие болды. Жеңіске жету жолында аянбаған олимпиада жетекшілері мен оқушыларды жетістіктерімен құттықтаймыз! Олимпиаданың республикалық кезеңіне жолдама алған оқушыларға сәттілік серік болғай!

Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты

Батыс Қазақстан облысы

Орал қаласы, Мұхит көшесі 37

Жұмыс телефоны: 50-62-73, факс: 50-62-73