С.Сейфуллин атындағы №11 ДБАОММЛИ

Облыстық "Қоғам балалар көзімен" әлеуметтік бейнероликтердің сырттай байқауы

«Қоғам балалар көзімен»
Білім басқармасының 2022 жылғы 11 наурыздағы № 211 бұйрығы негізінде ағымдағы жылдың 1 сәуір күні оқушылардың танымдық қызығушылықтарын арттыру, шығармашыл және жаңашыл жас дарындарды анықтап, олардың кәсіптік деңгейін көтеру және «Балалар жылы» жобасын жүзеге асыру мақсатында облыстық «Қоғам балалар көзімен» әлеуметтік видеороликтердің сырттай байқауы өткізілді.
Байқауға 11 аудан және Дарынды балалалрға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты, Орал қалалық мектептен тыс жұмыс орталығының тәрбиеленушілері қатысты.
Бізідің мектеп оқушылары өмірде алаяқтардың құрбаны болмас үшін әлеуметтік ортадағы сақтық пен сауаттылық бағытында видео түсіріп, сайыс нәтижесінде 2 орынды иеленді. Бейнебаянның жасалуы мен түсірілуіне ат салысқан 8 «В» сынып оқушылары Шайдуллин Нұрислам, Есетай Инал және 7 «В» сынып оқушысы Қайрат Сабина марапатталды. Мектебімізге үлкен жетістік алып келген оқуышларымызға және жетекшісі Әлібек Талғатұлына алғыс білдіреміз.

Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты

Батыс Қазақстан облысы

Орал қаласы, Мұхит көшесі 37

Жұмыс телефоны: 50-62-73, факс: 50-62-73