С.Сейфуллин атындағы №11 ДБАОММЛИ

Ғалым мен ғылым

Мектебімізде Балалар жылына орай «Ғалым мен ғылым» апталығы өтіп жатыр. Апталық аясында 12 сәуір - Ғарышкерлер күніне орай түрлі ақпараттар шығарылып, көрме, экскурсия, практикалық жұмыстар мен қызықты тәжірибелер ұйымдастырылуда.
12 сәуір күні 8-сынып оқушылар қаламыздағы Облыстық балалар техникалық шығармашылық орталығына экскурсияға барып келді. Оқушылар орталықтағы түрлі техникалық үйірмелер мен танысып, осы кезге дейін жасалған жұмыстар көрмесін тамашалады. Планетария бөлімінде Аспан әлімімен танысып, біздің галактикамызда орналасқан планеталардың жақын бейнесін көрді. Кейін, ғимараттың шатырында орналасқан обсерваторияға барып, телескоп арқылы Күнді бақылады.
Ғарышкерлер күніне орай өткізілген іс-шара оқушылар үшін қызықты өтті. Ұйымдастырған шығармашылық орталық ұжымына алғыс білдіреміз.

Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты

Батыс Қазақстан облысы

Орал қаласы, Мұхит көшесі 37

Жұмыс телефоны: 50-62-73, факс: 50-62-73