Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты

«Ашық сабақтар шеруі»

2022 жылдың 13-14 сәуір күндері «ORAL DARYNY» қауымдастығы мен «KӨMEKTIMES» жобасы аясында тарих, математика, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған «Ашық сабақтар шеруі» тақырыбында әдістемелік алаң ұйымдастырылды. Әдістемелік алаңда тарих пәні мұғалімі Д.Опиев, құқық пәні мұғалімі А.Рахметов, математика пәні мұғалімі А.Тулешева, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Д.Имашева мен С.Ахметкалиева инновациялық бағытта құрылған ашық сабақтарын берсе, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері, тәлімгер А.Байжиенова мен тәлім алушысы А.Таскенова «Кәсіби құзыреттілік-білім берудің негізі» тақырыбында практикалық тренинг, тарих пәні мұғалімдері М.Батырғалиев пен Б.Алышев «Дарынды оқушылармен жұмыс», математика пәні мұғалімдері С.Казиханов «ҰБТ есептерін шығарудағы қолайлы тәсілдер», Ж.Гиззатов «Олимпиада есептеріндегі геометриялық теңсіздіктерді дәлелдеу», Е.Тауас «Комбинаторика.Ықтималдық» тақырыптарында шеберлік сағаттарын өткізді.

Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты

Батыс Қазақстан облысы

Орал қаласы, Мұхит көшесі 37

Жұмыс телефоны: 50-62-73, факс: 50-62-73