Мектебімізде ғылым апталығы аясында 15сәуір күні жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жобалар байқауының мектепішілік кезеңі өтті. Байқау қоғамдық-гуманитарлық, химия-биология, 4-5 сыныптар бойынша «Зерде» және физика-математика, экономика секцияларынан тұрып, оған мектебіміздің 4-10 сынып оқушылары қатысты. Қоғамдық-гуманитарлық пәндер секциясы бойынша 8 а сынып оқушысы Әбіш Жәмила мен 9 а сынып оқушысы Серік Асылжан І орынға ие болды. Ал ІІ орын 10 а сынып оқушысы Мурзагали Аружан мен 9 а сынып оқушысы Аманғалиева Аружанға бұйырды. 10 г сынып оқушысы Ескалиева Дильназ, 7в сынып оқушылары Артурова Айя мен Қосыбай Ақтілек және 7 г сынып оқушылары Нагизханова Камила мен Мұрат Әсем ІІІ орынды иемденсе, 8 а сынып оқушысы Габдуллаева Дилана, 9 а сынып оқушысы Жолдығали Амина ІV орынға тұрақтады.
Ал химия-биология секциясында І орынды 9б сынып оқушылары Мереева Айзат пен Дарханова Мадина қанжығалады. ІІ орынды 8 д сынып оқушысы Есенгубекова Амира мен 9 б сынып оқушысы Тасболатова Назира алды. 7 а сынып оқушысы Тлесова Алия мен 7 в сынып оқушысы Гиният Мөлдір ІІІ орынға ие болса, 7 г сынып оқушылары Нагизханова Тамила мен Жасин Айым Алғыс хаттармен марапатталды.
Байқаудың «Зерде» секциясындағы І орын 4 а сынып оқушысы Тлесова Әселге бұйырды. ІІ орынға 5а сынып оқушысы Аманғали Сәуле тұрақтаса, ІІІ орынға 5 в сыныбы оқушысы Бақтығали Ернат ие болды.
Физика-математика, экономика секциясына да оқушылар белсене қатысып, нәтижесінде І орынға 10 в сынып оқушылары Хайырлыева Альмира мен Тілегенова Диляра ие болды. ІІ орынды 7 в сынып оқушысы Бақтыгерей Назым мен 10 в сынып оқушысы Жумина Айша иемденді. Ал 7 а сынып оқушысы Кубиева Айерке мен 9 а сынып оқушысы Айкөргенова Мадина және 10 в сынып оқушысы Орынбаева Зарина ІІІ орынға ие болды. 7 а сынып оқушылары Марат Нұрәділ мен Асыл Бексұлтан Алғыс хаттармен марапатталды. Ғылыми жобада үздік нәтиже көрсетіп, жетістікке жеткен оқушыларды құттықтаймыз! Жеңісті күндер көп болсын!